Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк салық комитетiнiң жекелеген мәселелерi

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 14 қазан N 1258. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.05.20. N 851 қаулысымен. ~P970851

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi туралы"

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 14 қыркүйектегi 
N 3113  

U963113_

  Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан 
Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
     1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң таратылған Бас салық
инспекциясының, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлiгiнiң шарттық мiндеттемелерi бойынша құқықтық мұрагерi
болып есептелсiн.
     2.
<*>

     3.
<*>

     4.
<*>

     5.
<*>

     Ескерту. 2-5 тармақтар күшiн жойған - ҚРҮ-нiң 1996.12.27.
              N 1652 қаулысымен.  

P961652_

 
     6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:


      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетiне белгiленген тәртiпте бөлу балансына сәйкес негiзгi құрал-жабдықтарды, оның iшiнде 6 жеңiл автомобильдердi, кеңсе-шаруашылық мүлiктерiн, мүккәммалды, құралдарды және басқа тауар-материалдық игiлiктердi берсiн;
      1997 жылға арналған және келесi жылдарға арналған республикалық бюджеттi жасау кезiнде салық қызметiнiң материалдық-техникалық базасын жақсартуға қаражат бөлудi көздесiн.
      7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетiне 1996 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жүйесiн ұстауға көзделген қаржы есебiнен салық қызметi үшiн 556017 мың теңге, одан 226646 мың теңге еңбекақы қорына, оның iшiнде жергiлiктi салық органдары үшiн тиiсiнше 522061 және 219035 мың теңге 1996 жылдың аяғына дейiн бөлiнсiн.
      8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетiнiң орталық аппараты үшiн қызмет алаңын бөлудi 1996 жылғы 21 қазанға дейiн қамтамасыз етсiн.
      9. "Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясы Қазақстан Республикасы Мемлекеттiң салық комитетiнiң тапсырысы бойынша телекс, телетайп және телефон байланысы құралдарын құруды қамтамасыз етсiн.
      10. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi және басқа орталық атқарушы органдары қабылдаған нормативтiк құқықтық актiлерiн мiндеттi тәртiпте Мемлекеттiк салық комитетiне қызмет бабында пайдалану үшiн жiберiп отырсын.
      11. Облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi, облыстар мен Алматы

қаласының мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi комитеттерi салық
органдарын қажеттi әкiмшiлiк үйлермен қамтамасыз етiп, оларды
орналастыруды жақсарту мүмкiндiгiн қарастырсын.
     12.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 112-тармақ күшiн жойған - ҚРҮ-нiң 1996.11.21.
              N 1425 қаулысымен.  

P961425_

 

     13. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Салық
комитетiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрын
қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру туралы бiр ай
мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс енгiзсiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                       1996 жылғы 14 қазандағы
                                           N 1258

          Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк салық комитетi
                   орталық аппаратының құрылымы

     Басшылық
     Салық полициясы бас басқармасы
     Ұйымдастыру-әдiстемелiк бас басқармасы
     Аппарат жұмысын ұйымдастыру жөнiндегi бас басқарма
     Заңды тұлғалардың табысына салық салу басқармасы
     Жеке тұлғалардың табысына салық салу басқармасы
     Жанама салықтарға әкiмшiлiк ету басқармасы
     Жер қойнауын пайдаланушыларға және инвестициялық
     контрактiлерге салық салу басқармасы
     Жергiлiктi салықтарға және салықтық емес төлемдерге әкiмшiлiк
     ету басқармасы
     Салық органдарын құқықтық қамтамасыз ету және салық заңдарын
     насихаттау бағдарламасы
     Кадр басқармасы
     Салық органдарын компьютерлендiру басқармасы
     Салық түсiмдерiн есепке алу және ағымдық талдау бөлiмi
     Халықаралық салық келiсiмдерi бөлiмi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады