Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы Кеден қызметiн басқарудың бiрлiгi туралы келiсiмдердi жүзеге асыру жөнiндегi бiрiншi кезектегi шаралар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Қазақстан Республикасының Кеден комитетi жанындағы Ресей Федерациясының Мемлекеттiк Кеден комитетi өкiлдiгiнiң қызметкерлерiне шарт негiзiнде ақылы қызмет көрсету үшiн Қазақстан Республикасының Кеден комитетiне "Қазақстан Республикасы Кеден комитетi орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 18 желтоқсандағы N 1551 P961551_ қаулысымен белгiленген қызметтiк жеңiл автомобильдер лимитi 4 автомобильге көбейтiлсiн.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
бiрiншi орынбасары