1. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес орталық аппарат қызметкерлерi шектi санының негiзiнде 57 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiне министрдiң 3 орынбасарын, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасарын, сондай-ақ 13 адамнан тұратын алқа ұстауға рұқсат етiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi
министрлiгiне орталық аппараты үшiн 4 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн. 4. "Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1796 P951796_ қаулысының күшi жойылды деп танылсын. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 27 желтоқсандағы N 1660 қаулысына Қосымша Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi орталық аппаратының ҚҰРЫЛЫМЫ Басшылық Энергетика басқармасы Көмiр және атом өнеркәсiбi басқармасы Экономика басқармасы Бухгалтерлiк есеп және есеп беру бөлiмi Инвестициялық саясат секторы Кадр секторы Режим және әскери-жұмылдыру жұмысы жөнiндегi сектор Аппарат жұмысын ұйымдастыру жөнiндегi басқарма