Қазақстан Республикасы Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1995 жылғы 19 желтоқсан N 1796. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1996.12.27. N 1660 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес, орталық аппараты қызметкерлерiнiң саны шегiнде 71 адам болып бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiне министрдiң 3 орынбасарын, соның iшiнде бiр бiрiншi орынбасар, сондай-ақ саны 13 адам алқа ұстауына рұқсат берiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi орталық аппараты үшiн 4 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
      4. "Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 1 қыркүйектегi N 976 қаулысына мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:

     1-тармағында "және оның аппаратының құрылымын" (N 2 қосымша)
сөздерi алынып тасталсын;
     7-тармағының және "Қазақстан Республикасы Энергетика және көмiр
өнеркәсiбi министрлiгi орталық аппаратының құрылымы" туралы
2-қосымшасының күшi жойылған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
        бiрiншi орынбасары
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Үкiметiнiң 1995 жылғы
                                          19 желтоқсандағы
                                          N 1796 қаулысына
                                            Қосымша
            Қазақстан Республикасы Энергетика және көмiр өнеркәсiбi
                      министрлiгi орталық аппаратының
                          ҚҰРЫЛЫМЫ
     Басшылық
     Энергетика басқармасы
     Көмiр және атом өнеркәсiбi басқармасы
     Экономикалау басқармасы
     Ғылыми-техникалық прогресс бөлiмi
     Инвестициялық саясат бөлiмi
     Бухгалтерлiк есеп және есеп беру бөлiмi
     Кадр бөлiмi
     Режим және әскери-жұмылдыру жұмысы жөнiндегi бөлiм
     Аппараттың жұмысын ұйымдастыру жөнiндегi басқарма
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады