1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес осы аппарат қызметкерлерiнiң шектi саны негiзiнде 432 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне министрдiң 6
орынбасарын, оның iшiнде екi бiрiншi орынбасарын, сондай-ақ саны 9 адамдық алқа ұстауына рұқсат етiлсiн. 3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң орталық аппараты үшiн 7 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн. 4. "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 шiлдедегi N 898 қаулысының күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасарын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 27 желтоқсандағы N 1665 қаулысына Қосымша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi орталық аппаратының Қ Ұ Р Ы Л Ы М Ы Командование Баспасөз қызметi Iс басқармасы Инспекция Халықаралық әскери ынтымақтастық жөнiндегi басқарма Бас штаб Ракета әскерлерi және артиллерия басқармасы Инженерлiк әскерлер басқармасы Жауынгерлiк әзiрлiк басқармасы редакциялық химиялық және биологиялық қорғаныс қызметi Жоғары оқу орындары және әскери тыс даярлық басқармасы Әскери медицина басқарма Тәрбие және әлеуметтiк-құқықтық жұмыс басқармасы Бюджеттiк-қаржы басқармасы Құрылыс және әскери орналастыру басқармасы