1. Түркменстандағы Қазақстан Республикасы Елшiлiгiнiң штат саны 1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап 11 адам болып бекiтiлсiн.
2. Түркменстандағы Қазақстан Республикасының Елшiсiне лауазымдық жалақысы шетел валютасымен 1200 АҚШ доллары мөлшерiнде белгiленсiн.
Елшiлiк қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары Қазақстан
Республикасы Елшiсiнiң шетел валютасындағы жалақысын негiзге ала отырып, штат кестесiне сәйкес белгiленсiн. 3. Елшiлiк қызметкерлерiне медициналық көмек көрсетуге аударым олардың шетел валютасындағы еңбек ақысының 3 процентi мөлшерiнде белгiленсiн. 4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп Түркменстандағы Қазақстан Республикасы Елшiлiгiнiң штат кестесi мен шығыстар сметасын бекiтсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi