1. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес осы аппарат қызметкерлерi шектi санының негiзiнде 175 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне министрдiң төрт орынбасарын, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасарын, сондай-ақ саны 13 адамдық алқа ұстауына рұқсат етiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар
министрлiгiнiң орталық аппараты үшiн 5 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн. 4. "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң" 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1819 қаулысының күшi жойылды деп танылсын. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 29 желтоқсандағы N 1672 қаулысына Қосымша Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi орталық аппаратының Қ Ұ Р Ы Л Ы М Ы Басшылық Экономика басқармасы Кадр және аппарат жұмысын ұйымдастыру басқармасы Халықаралық ынтымақтастық басқармасы Автомобиль көлiгi департаментi Темiр жол көлiгi департаментi Байланыс департаментi Автомобиль жолдары департаментi Су көлiгi басқармасы Әуе кеңiстiгiн және азаматтық авиация қызметiн пайдалану жөнiндегi комитет