Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 29 желтоқсан N 1672. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.04.22. N 631 қаулысымен. ~P970631

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес осы аппарат қызметкерлерi шектi санының негiзiнде 175 адам болып бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне министрдiң төрт орынбасарын, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасарын, сондай-ақ саны 13 адамдық алқа ұстауына рұқсат етiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар

министрлiгiнiң орталық аппараты үшiн 5 қызметтiк жеңiл автомобиль
лимитi белгiленсiн.
     4. "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар
министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң" 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1819 қаулысының
күшi жойылды деп танылсын.

     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
       бiрiншi орынбасары
                                        Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                     1996 жылғы 29 желтоқсандағы
                                         N 1672 қаулысына
                                          Қосымша

                Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар
                        министрлiгi орталық аппаратының
                               Қ Ұ Р Ы Л Ы М Ы

     Басшылық
     Экономика басқармасы
     Кадр және аппарат жұмысын ұйымдастыру басқармасы
     Халықаралық ынтымақтастық басқармасы
     Автомобиль көлiгi департаментi
     Темiр жол көлiгi департаментi
     Байланыс департаментi
     Автомобиль жолдары департаментi
     Су көлiгi басқармасы
     Әуе кеңiстiгiн және азаматтық авиация қызметiн пайдалану
     жөнiндегi комитет
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады