1. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес осы аппарат қызметкерлерiнiң шектi санының негiзiнде 58 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгiне министрдiң 3
орынбасарын, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасарын, сондай-ақ 7 адамнан тұратын алқа ұстауына рұқсат етiлсiн. 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң орталық аппараты үшiн 4 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн. 4. "Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1818 P951818_ қаулысының күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 29 желтоқсандағы N 1675 қаулысына Қосымша Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi орталық аппаратының ҚҰРЫЛЫМЫ Басшылық Өнер басқармасы Кино iсi жөнiндегi басқарма Жекешелендiру, жаңа инфрақұрылым және маркетинг секторы Шетелдермен мәдени байланыстарды үйлестiру секторы Тарихи - мәдени мұраларды қорғау жөнiндегi инспекция Мәдени - демалыс және музей жұмыстары бөлiмi Экономика, қаржы және талдау бөлiмi Бухгалтерлiк есеп және есеп беру бөлiмi Нормативтiк-талдама және кадр жұмысы бөлiмi Жалпы бөлiм