Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1995 жылғы 19 желтоқсан N 1818. Күшi жойылды - ҚР Үкiметiнiң 1996.12.29. N 1675 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес, осы аппарат қызметкерлерiнiң шектi санының негiзiнде 50 адам болып бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгiне министрдiң 3

орынбасарын, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасарын, сондай-ақ 7 адамнан
тұратын алқа ұстауына рұқсат етiлсiн.
     3. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң орталық
аппараты үшiн 4 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
     4. "Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi орталық
аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетiнiң 1994 жылғы 14 желтоқсандағы N 1408 қаулысының күшi
жойылған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Үкiметiнiң 1995 жылғы
                                       19 желтоқсандағы
                                       N 1818 қаулысына
                                        Қосымша
            Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi орталық
                               аппаратының
                                ҚҰРЫЛЫМЫ
     Басшылық
     Өнер басқармасы
     Қаржы-экономика бөлiмi
     Бухгалтерлiк есеп бөлiмi
     Саланы реформалау, жаңа инфрақұрылым және кадр жұмысы бөлiмi
     Шетелдермен мәдени байланыстарды үйлестiру бөлiмi
     Тарихи мұраларды қорғау, музей және мәдени-демалыс жұмыстары
     бөлiмi
     Аппарат жұмысын ұйымдастыру басқармасы
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады