1. Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшiлiгiнiң штат саны 1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап 16 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшiсiне лауазымдық жалақысы шетел валютасымен 2800 АҚШ доллары мөлшерiнде белгiленсiн.
Елшiлiк қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары Қазақстан Республикасы Елшiсiнiң шетел валютасындағы жалақысын негiзге ала отырып, штат кестесiне сәйкес белгiленсiн.
3. Елшiлiк қызметшiлерiне медициналық көмек көрсетуге аударым олардың шетел валютасындағы еңбек ақысының 3 процентi мөлшерiнде белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшiлiгiнiң штат кестесi мен шығыстар сметасын бекiтсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi