Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшiлiгiнiң мәселелерi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 30 желтоқсандағы N 1686

      "Австрия Республикасында, Испания Корольдiгiнде, Малайзияда, Түркменстанда, Жапонияда Қазақстан Республикасының Елшiлiктерiн ашу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 5 желтоқсандағы N 3255 U963255_ Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшiлiгiнiң штат саны 1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап 16 адам болып бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшiсiне лауазымдық жалақысы шетел валютасымен 2800 АҚШ доллары мөлшерiнде белгiленсiн.
      Елшiлiк қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары Қазақстан Республикасы Елшiсiнiң шетел валютасындағы жалақысын негiзге ала отырып, штат кестесiне сәйкес белгiленсiн.
      3. Елшiлiк қызметшiлерiне медициналық көмек көрсетуге аударым олардың шетел валютасындағы еңбек ақысының 3 процентi мөлшерiнде белгiленсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшiлiгiнiң штат кестесi мен шығыстар сметасын бекiтсiн.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады