Жамбыл облысында газ кен орындарын пайдалануға қосу және Шу-Сарысу мұнайгаз бассейнiнде геологиялық барлау жұмыстарын қайта бастау туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 31 желтоқсан N 1741

      Жамбыл облысының аумағында газ өндiру саласын құру үшiн газ кен орындарын игерудi ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "ЮНОКАЛ ИНТЕРНЕШНЛ ЭНЕРДЖИ ВЕНЧЕРС ЛТД" (АҚШ) және "ДЕЛЬТА ОЙЛ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЛТД" (Сауд Аравиясы) қатысатын "ДОСБОЛ" жабық акционерлiк қоғамы Амангелдi, Анабай, Айрақты, Солтүстiк Үшарал, Үшарал, Кемпiртөбе кен орындарының газ кенiн өңдеу жөнiндегi кен пайдаланушысы болып белгiленсiн және "ДОСБОЛ" жабық акционерлiк қоғамына осы кен орындарын өнеркәсiптiк пайдаланымға енгiзуге рұқсат берiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi "ДОСБОЛ" жабық акционерлiк қоғамына аталған кен орындарын пайдалануға және Шу-Сарысу бассейнiнiң ХХХIII-48, 49, ХХХIV-49, 50, 51, ХХХV-50 блоктарында кейiн ашық кен орындарын игеру мен өндiру үшiн геологиялық барлау жұмыстарын жүргiзуге лицензия берсiн.
      3. "ДОСБОЛ" жабық акционерлiк қоғамы қызметiнiң негiзгi мақсаттары болып мыналар белгiленсiн:
      барланған және өнеркәсiптiк игеруге әзiрленген Амангелдi, Анабай, Айрақты, Солтүстiк Үшарал, Үшарал, Кемпiртөбе кен орындарының көмiрсутектi және жолай газдары мен газ конденсатын өндiру мен кешендi түрде ұқсату;
      - кейiн ашық кен орындарын игеру мен өндiретiн болып, Шу-Сарысу бассейнiнде мұнай мен газға геологиялық барлау жұмыстарын жүргiзу;
      республиканың оңтүстiк облыстарын табиғи газбен қамтамасыз ету;
      пайдалану процесi барысында көмiрсутегi және жолай газдардың, газ конденсатының қорларын нақтылау;
      электр энергиясын шығару және оны республиканың оңтүстiгiнде сату.
      4. "ДОСБОЛ" жабық акционерлiк қоғамына газ бен газ конденсатын өңдеуден алынған өнiмдi бөгетсiз экспорттау, өз қызметiне қажеттi жабдықтар мен мүлiктi бажсыз әкелу құқығы берiлсiн.
      5. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, ведомстволары және

Жамбыл облысының әкiмi "ДОСБОЛ" жабық акционерлiк қоғамын
белгiленген тәртiппен барлық қажеттi рұқсат қағаздармен қамтамасыз
етсiн, сондай-ақ осы акционерлiк қоғам қызметiнiң ұйымдастыру
мәселелерiн шешуге жәрдемдессiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi 
     
      
      


О вводе в эксплуатацию газовых месторождений в Жамбылской области и возобновлении геологоразведочных работ в Шу-Сарысуском нефтегазоносном бассейне

Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 1996 г. N 1741

      В целях организации освоения газовых месторождений для создания газодобывающей отрасли на территории Жамбылской области Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Определить закрытое акционерное общество "ДОСБОЛ" с участием ЮНОКАЛ ИНТЕРНЕШНЛ ЭНЕРДЖИ ВЕНЧЕРС ЛТД (США) и ДЕЛЬТА ОЙЛ ЦЕНТРАЛЬНАЯ АЗИЯ ЛТД (Саудовская Аравия) недропользователем по разработке газовых залежей месторождений Амангельды, Анабай, Айракты, Северный Ушарал, Ушарал, Кемпир-Тюбе и разрешить закрытому акционерному обществу "ДОСБОЛ" ввести данные месторождения в промышленную эксплуатацию.
      2. Министерству геологии и охраны недр Республики Казахстан выдать закрытому акционерному обществу "ДОСБОЛ" лицензии на пользование указанными месторождениями и на ведение геологоразведочных работ с последующей разработкой и добычей открытых месторождений на блоках ХХХIII-48, 49, ХХХIV-49, 50, 51, ХХХV-50, Шу-Сарысуского бассейна.
      3. Основными целями деятельности закрытого акционерного общества "ДОСБОЛ" определить:
      добычу и комплексную переработку углеводородного и сопутствующих газов и газового конденсата разведанных и подготовленных к промышленному освоению газовых месторождений Амангельды, Анабай, Айракты, Северный Ушарал, Ушарал, Кемпир-Тобе;
      ведение геологоразведочных работ на нефть и газ в Шу-Сарысуском бассейне с последующей разработкой и добычей открытых месторождений;
      снабжение южных областей республики природным газом;
      уточнение в процессе эксплуатации запасов углеводородного и сопутствующих газов, газового конденсата;
      выработку электрической энергии и ее реализацию на юге республики;
      4. Предоставить акционерному обществу закрытого типа "ДОСБОЛ" право беспрепятственного экспорта продукции переработки газа и газового конденсата, беспошлинного ввоза оборудования и имущества, необходимых для его деятельности.
      5. Министерствам, ведомствам Республики Казахстан и акиму Жамбылской области обеспечить в установленном порядке закрытое акционерное общество "ДОСБОЛ" всеми необходимыми разрешениями, а также оказывать содействие при решении организационных вопросов деятельности этого акционерного общества.
     Премьер-Министр
  Республики Казахстан