1. "ЮНОКАЛ ИНТЕРНЕШНЛ ЭНЕРДЖИ ВЕНЧЕРС ЛТД" (АҚШ) және "ДЕЛЬТА ОЙЛ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЛТД" (Сауд Аравиясы) қатысатын "ДОСБОЛ" жабық акционерлiк қоғамы Амангелдi, Анабай, Айрақты, Солтүстiк Үшарал, Үшарал, Кемпiртөбе кен орындарының газ кенiн өңдеу жөнiндегi кен пайдаланушысы болып белгiленсiн және "ДОСБОЛ" жабық акционерлiк қоғамына осы кен орындарын өнеркәсiптiк пайдаланымға енгiзуге рұқсат берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi "ДОСБОЛ" жабық акционерлiк қоғамына аталған кен орындарын пайдалануға және Шу-Сарысу бассейнiнiң ХХХIII-48, 49, ХХХIV-49, 50, 51, ХХХV-50 блоктарында кейiн ашық кен орындарын игеру мен өндiру үшiн геологиялық барлау жұмыстарын жүргiзуге лицензия берсiн.
3. "ДОСБОЛ" жабық акционерлiк қоғамы қызметiнiң негiзгi мақсаттары болып мыналар белгiленсiн:
барланған және өнеркәсiптiк игеруге әзiрленген Амангелдi, Анабай, Айрақты, Солтүстiк Үшарал, Үшарал, Кемпiртөбе кен орындарының көмiрсутектi және жолай газдары мен газ конденсатын өндiру мен кешендi түрде ұқсату;
- кейiн ашық кен орындарын игеру мен өндiретiн болып, Шу-Сарысу бассейнiнде мұнай мен газға геологиялық барлау жұмыстарын жүргiзу;
республиканың оңтүстiк облыстарын табиғи газбен қамтамасыз ету;
пайдалану процесi барысында көмiрсутегi және жолай газдардың, газ конденсатының қорларын нақтылау;
электр энергиясын шығару және оны республиканың оңтүстiгiнде сату.
4. "ДОСБОЛ" жабық акционерлiк қоғамына газ бен газ конденсатын өңдеуден алынған өнiмдi бөгетсiз экспорттау, өз қызметiне қажеттi жабдықтар мен мүлiктi бажсыз әкелу құқығы берiлсiн.
5. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, ведомстволары және
Жамбыл облысының әкiмi "ДОСБОЛ" жабық акционерлiк қоғамын белгiленген тәртiппен барлық қажеттi рұқсат қағаздармен қамтамасыз етсiн, сондай-ақ осы акционерлiк қоғам қызметiнiң ұйымдастыру мәселелерiн шешуге жәрдемдессiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi