Су ресурстарын тиiмдi пайдалану мақсатында және Қазақстан
Республикасының Су кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының
Үкiметi қаулы етедi:
1. Қосымшаға сәйкес жер үстi және жер асты көздерiнен алынатын
су ресурстары үшiн төлем ставкалары 1997 жылғы 1 қаңтардан бастап
бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк
комитеттерi мен өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдары
осы мәселе бойынша бұрын бақылаған шешiмдерiнiң күшiн жойсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 31 желтоқсандағы
N 1744 қаулысына
қосымша
Жер үстi және жер асты көздерiнен алынатын су
ресурстары үшiн төлем ставкалары
Өнеркәсiп кәсiпорындарының жер үстi көздерiнен
алынатын су ресурстары үшiн төлем ставкалары
___________________________________________________________________
Су шаруашылығы жүйелерi 1 текше метр су үшiн
төлем ставкасы (тиын)
___________________________________________________________________
I. Каспий теңiзi бассейнi
Жайық өзенi 27,3
Ембi, Ойыл, Сағыз өзендерi 24,5
Едiл өзенi 21,8
Басқа да өзендер 16,3
II. Арал теңiзi бассейнi
Сырдария, Торғай, Ұлқаяқ, Ырғыз өзендерi 24,5
Басқа да өзендер 19,1
III. Нұра-Сарысу бассейнi
Сарысу, Кеңгiр, Нұра өзендерi 17,7
IY. Балқаш көлi бассейнi
Iле өзенi, басқа да өзендер мен
Балқаш көлi 13,6
Y. Шу-Талас бассейнi
Шу, Талас, Ассы өзендерi 68,2
YI. Ертiс өзенi бассейнi
Ертiс, Тобыл өзендерi 16,3
Есiл өзенi 24,5
Басқа да өзендер 13,9
Өнеркәсiп кәсiпорындарының жер асты көздерiнен
алынатын су ресурстары үшiн төлем ставкалары
___________________________________________________________________
Әкiмшiлiк бiрлiгi 1 текше метр су үшiн
төлем ставкалары (тиын)
___________________________________________________________________
Солтүстiк Қазақстан, Қостанай,
Маңғыстау, Көкшетау, Семей, Шығыс
Қазақстан, Алматы, Талдықорған,
Торғай, Жезқазған облыстары 47,0
Ақмола, Қарағанды облыстары 92,0
Павлодар облысы 99,5
Ақтөбе облысы 62,0
Батыс Қазақстан, Атырау, Қызылорда,
Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан облыстары 68,2