1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк салық комитетiмен бірлесiп республикалық бюджет пен заңды тұлғаларға салынатын табыс салығы бойынша жалпы сомасы 466520 мың (төрт жүз алпыс алты миллион бес жүз жиырма мың) теңге берешегi бар "Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясы арасында берешекке есептеу жүргiзсiн.
Аталған соманы көрсетiлген байланыс қызметi үшiн пайда болған берешектi өтеуге республикалық бюджеттiк ұйымдарды қаржыландырудың есебiне, қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес есептесiн. 2. Есептеу аталған сомаларды 1996 жылға арналған республикалық бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсете отырып жүргiзiлсiн. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1751 қаулысына қосымша Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын және көрсетiлген байланыс қызметi үшiн "Қазақтелеком" ҰАК алдында есептеуге қабылданатын берешегi бар министрлiктер мен ведомстволардың ТIЗБЕСI мың теңге ___________________________________________________________________ Министрлiктер мен ведомстволардың |Есептеуге қабылданатын атауы | сома ___________________________________________________________________ Қорғаныс министрлiгi 79838 Ұлттық қауiпсiздiк комитетi 17814 Мемлекеттiк тергеу комитетi 30543 Iшкi iстер министрлiгi 78915 Iшкi әскерлер Қолбасшысының бас басқармасы 3343 Мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi мемлекеттiк комитет 9627 Президенттiң Күзет қызметi 60740 Гидрометеорология жөнiндегi бас басқарма 12359 Көлiк және коммуникациялар министрлiгi 173341 (азаматтардың жекелеген санаттарына байланыс қызметi жағынан жеңiлдiктер беру бойынша) Жиыны 466520