"Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясының бюджеттiк борыштары бойынша есептеу жүргiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1751

      Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттiк ұйымдардың "Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясы көрсеткен байланыс қызметi үшiн пайда болған берешегiн өтеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк салық комитетiмен бірлесiп республикалық бюджет пен заңды тұлғаларға салынатын табыс салығы бойынша жалпы сомасы 466520 мың (төрт жүз алпыс алты миллион бес жүз жиырма мың) теңге берешегi бар "Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясы арасында берешекке есептеу жүргiзсiн.

     Аталған соманы көрсетiлген байланыс қызметi үшiн пайда болған
берешектi өтеуге республикалық бюджеттiк ұйымдарды қаржыландырудың
есебiне, қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес есептесiн.
     2. Есептеу аталған сомаларды 1996 жылға арналған республикалық
бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсете отырып жүргiзiлсiн.

     Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      бiрiншi орынбасары
                                     Қазақстан Республикасы
                                           Үкiметiнiң
                                     1996 жылғы 31 желтоқсандағы
                                        N 1751 қаулысына
                                            қосымша

      Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын және көрсетiлген
      байланыс қызметi үшiн "Қазақтелеком" ҰАК алдында есептеуге
      қабылданатын берешегi бар министрлiктер мен ведомстволардың
                              ТIЗБЕСI
                                                       мың теңге
___________________________________________________________________
  Министрлiктер мен ведомстволардың      |Есептеуге қабылданатын
              атауы                      |       сома
___________________________________________________________________
Қорғаныс министрлiгi                            79838
Ұлттық қауiпсiздiк комитетi                     17814
Мемлекеттiк тергеу комитетi                     30543
Iшкi iстер министрлiгi                          78915
Iшкi әскерлер Қолбасшысының бас
басқармасы                                      3343
Мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi
мемлекеттiк комитет                             9627
Президенттiң Күзет қызметi                      60740
Гидрометеорология жөнiндегi бас
басқарма                                        12359
Көлiк және коммуникациялар министрлiгi          173341
(азаматтардың жекелеген санаттарына
байланыс қызметi жағынан жеңiлдiктер
беру бойынша)

Жиыны                                           466520
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады