Ақмола қаласындағы 240 төсектiк аурухана кешенiнiң құрылысы туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 31 желтоқсан N 1772

      Ақмола қаласында қазiргi заманғы емдеу-диагностикалық базасын құру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi мен "Фицпатрик Интернэшнл Лимитед" құрылыс компаниясы арасында Ақмола қаласында 240 төсектiк аурухана кешенi құрылысының жобасын жүзеге асыру үшiн жасалған контракт мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi:
      контрактiнi атқаруға уәкiлеттi құрылымдық бөлiмшелердi айқындасын;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiне жобаны банктiк сараптамадан өткiзу үшiн материалдар берсiн.
      3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiне:
      Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан қарыз алушы болу және осы несиенiң қамтамасыз етiлуiн жүзеге асыру;
      жобаның негiзгi сараптамасын жүзеге асыру;
      несие берушi-банктермен жасасылған контрактiлерге сәйкес, жобалық-iздестiру және ұйымдастыру жұмыстарының құнын ескере отырып несиелiк келiсiм жасау;
      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiмен және оның контрактiнi атқаруға уәкiлеттi құрылымдық бөлiмшелерiмен келiсiм жасау;
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен несиеге қызмет көрсету жөнiндегi агенттiк келiсiм жасау тапсырылсын.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      Ақмола қаласындағы аурухана кешенiнiң құрылысын қаржыландыратын шетелдiк несиешiлерге қажеттi кепiлдемелер берсiн;
      алдағы жылдарға арналған республикалық бюджеттi жасау кезiнде аванстық төлемдi төлеу жөнiндегi шығыстарды, негiзгi борышты және проценттердi өтеу, комиссиялар мен қызмет көрсететiн банктер шығыстарын көздесiн.
      5. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi

"Қазақстан Республикасының кепiлдiктерiн есепке алуды реттеу туралы"
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 16 қарашадағы
N 1300 қаулысында көзделген Қазақстан Республикасының кепiлдiгiн 
бергенi және тiркегенi үшiн мiндеттi бiр жолғы төлем төлеуден
босатылсын.
<*>
 
     ЕСКЕРТУ. Жаңа 5-тармақпен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1997.04.23.
              N 641 қаулысымен.  

P970641_

 

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi 
     
      
      


О строительстве больничного комплекса на 240 коек в г. Акмоле

Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 1996 г. N 1772

      В целях создания современной лечебно-диагностической базы в г. Акмоле Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Одобрить контракт, заключенный между Министерством здравоохранения Республики Казахстан и строительной компанией "Фицпатрик Интернэшнл Лимитед" для реализации проекта строительства больничного комплекса на 240 коек в г. Акмоле.
      2. Министерству здравоохранения Республики Казахстан:
      определить структурное подразделение, уполномоченное исполнять контракт;
      представить в государственный Экспортно-импортный банк Республики Казахстан материалы для проведения банковской экспертизы проекта.
      3. Государственному Экспортно-импортному банку Республики Казахстан поручить:
      выступить заемщиком от имени Правительства Республики Казахстан и осуществлять обслуживание данного кредита;
      осуществить основную экспертизу проекта;
      заключить кредитные соглашения с банками-кредиторами в соответствии с заключенным контрактом, учитывая стоимость проектно-изыскательских и организационных работ;
      заключить соглашение с Министерством здравоохранения Республики Казахстан и его структурным подразделением, уполномоченным исполнять контракт;
      заключить с Министерством финансов Республики Казахстан агентское соглашение по обслуживанию кредита.
      4. Министерству финансов Республики Казахстан:
      выдать необходимые гарантии иностранным кредиторам, финансирующим строительство больничного комплекса в г. Акмоле;
      при формировании республиканского бюджета на последующие годы предусматривать расходы по выплате авансового платежа, погашению основного долга и процентов, комиссий и расходов обслуживающих банков.
       5. Освободить Министерство здравоохранения Республики Казахстан от обязательной единовременной платы за выдачу и регистрацию гарантии Республики Казахстан, предусмотренной постановлением Кабинета Министров Республики Казахстан от 16 ноября 1994 г. N 1300 "Об упорядочении учета гарантий Республики Казахстан". <*>
      Сноска. Дополнено пунктом 5 - постановлением Правительства РК от 23 апреля 1997 г. N 641 P970641_ .
     Премьер-Министр
  Республики Казахстан