1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi мен "Фицпатрик Интернэшнл Лимитед" құрылыс компаниясы арасында Ақмола қаласында 240 төсектiк аурухана кешенi құрылысының жобасын жүзеге асыру үшiн жасалған контракт мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi:
контрактiнi атқаруға уәкiлеттi құрылымдық бөлiмшелердi айқындасын;
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiне жобаны банктiк сараптамадан өткiзу үшiн материалдар берсiн.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiне:
Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан қарыз алушы болу және осы несиенiң қамтамасыз етiлуiн жүзеге асыру;
жобаның негiзгi сараптамасын жүзеге асыру;
несие берушi-банктермен жасасылған контрактiлерге сәйкес, жобалық-iздестiру және ұйымдастыру жұмыстарының құнын ескере отырып несиелiк келiсiм жасау;
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiмен және оның контрактiнi атқаруға уәкiлеттi құрылымдық бөлiмшелерiмен келiсiм жасау;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен несиеге қызмет көрсету жөнiндегi агенттiк келiсiм жасау тапсырылсын.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
Ақмола қаласындағы аурухана кешенiнiң құрылысын қаржыландыратын шетелдiк несиешiлерге қажеттi кепiлдемелер берсiн;
алдағы жылдарға арналған республикалық бюджеттi жасау кезiнде аванстық төлемдi төлеу жөнiндегi шығыстарды, негiзгi борышты және проценттердi өтеу, комиссиялар мен қызмет көрсететiн банктер шығыстарын көздесiн.
5. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi
"Қазақстан Республикасының кепiлдiктерiн есепке алуды реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 16 қарашадағы N 1300 қаулысында көзделген Қазақстан Республикасының кепiлдiгiн бергенi және тiркегенi үшiн мiндеттi бiр жолғы төлем төлеуден босатылсын. <*> ЕСКЕРТУ. Жаңа 5-тармақпен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1997.04.23. N 641 қаулысымен. P970641_ Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi