Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: "Ғылыми-техникалық саладағы мемлекеттiк меншiк объектiлерiн жекешелендiру жөнiндегi ұйымдастыру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 23 шiлдедегi N 923 қаулысының қосымшасына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 32, 293-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Ғылыми-техникалық сала объектiлерiн жекешелендiру жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн: Дүйсенов Д.Т. - Қазақстан Республикасы Премьер- Министрiнiң орынбасары, комиссия төрағасы Бахмутова Е.Л. - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Әлеуметтiк сала департаментiнiң бастығы Құсайынов А.Қ. - Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi жоғары бiлiм және ғылым бас басқармасы бастығының орынбасары Мұхаметжанов С.Н. - Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң орынбасары Г.Г.Штойк, Н.А.Коржова, Е.Ө.Медеуов, Ғ.I.Оразбақов аталған комиссияның құрамынан шығарылсын. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары