1. "Техноарт" (Чехия) фирмасын Ақмола қаласындағы Тың игерушiлер Сарайы ғимаратын және орталық алаңды қайта жаңартуға арналған тендердiң жеңiмпазы деп айқындаған тендерлiк комиссияның шешiмi мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасының оған Ақмола қаласындағы Тың игерушiлер Сарайы ғимаратын және орталық алаңды қайта жаңарту жөнiндегi жұмыстарға тапсырысшының функцияларын жүктеу жөнiндегi ұсынысына келiсiм берiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi Тың игерушiлер Сарайын сәулеттiк-жоспарлау шешiмдерiне, техникалық жарақтандыру және оның iшiн көркемдеп-безендiруге қойылатын талаптардың сақталуына бақылау жүргiзу кезiндегi консультант болып белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасына аталған
объектiлердi қайта жаңартуға "Техноарт" фирмасымен бiр апта мерзiмде белгiленген тәртiппен контракт жасау ұсынсын. 5. Осы контракт бойынша жұмыстарды қаржыландыру "Жаңа астана" республикалық бюджеттен тыс қорының қаражаты есебiнен жүзеге асырылады деп белгiленсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары