Ақмола қаласындағы Тың игерушiлер Сарайы мен орталық алаңды қайта жаңартуға арналған жобаны таңдау жөнiндегi тендерлiк комиссияның шешiмiн бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 7 қаңтардағы N 15

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 24 қыркүйектегi тапсырмасын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Техноарт" (Чехия) фирмасын Ақмола қаласындағы Тың игерушiлер Сарайы ғимаратын және орталық алаңды қайта жаңартуға арналған тендердiң жеңiмпазы деп айқындаған тендерлiк комиссияның шешiмi мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасының оған Ақмола қаласындағы Тың игерушiлер Сарайы ғимаратын және орталық алаңды қайта жаңарту жөнiндегi жұмыстарға тапсырысшының функцияларын жүктеу жөнiндегi ұсынысына келiсiм берiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi Тың игерушiлер Сарайын сәулеттiк-жоспарлау шешiмдерiне, техникалық жарақтандыру және оның iшiн көркемдеп-безендiруге қойылатын талаптардың сақталуына бақылау жүргiзу кезiндегi консультант болып белгiленсiн.
      4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасына аталған

объектiлердi қайта жаңартуға "Техноарт" фирмасымен бiр апта мерзiмде
белгiленген тәртiппен контракт жасау ұсынсын.
     5. Осы контракт бойынша жұмыстарды қаржыландыру "Жаңа астана"
республикалық бюджеттен тыс қорының қаражаты есебiнен жүзеге асырылады
деп белгiленсiн.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрiнiң
       бiрiншi орынбасары

      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады