Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Қазақстан Республикасының аумағында радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиiлiктi құрылғыларды алу, жобалау, жасау (орнату) пайдалану және шет елдерден әкелу тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 9 қазандағы N 851 P920851_ қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 39, 558-құжат) бекiтiлген "Қазақстан Республикасының аумағында радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиiлiктi құрылғыларды алу, жобалау, жасау (орнату) пайдалану және шет елдерден әкелу тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" Ережеге мынадай
толықтырулар енгiзiлсiн:
2-тармақтың үшiншi абзацындағы "Қорғаныс министрлiгi" деген
сөзден кейiн "Мемлекеттiк тергеу комитетi" деген сөзбен
толықтырылсын;
22-тармақтағы "органдары" деген сөзден кейiн "Мемлекеттiк тергеу
комитетi" деген сөзбен толықтырылсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
бiрiншi орынбасары