1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кіріс министрлігінің Салық комитетi Кеден комитетiмен, Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен бiрлесiп, спирттiң барлық түрлерiнiң өндiрушiден түпкiлiктi тұтынушыға дейiн жылжуын бақылау тетiгiн әзiрлесiн. <*>
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нің 1999.01.19. N 31 қаулысымен.
P990031_
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi темiр жол басқармаларының тәулiк сайын аумақтық салық органдарына халықаралық түйiсу жолдары бойынша Қазақстан Республикасына спирттiң түскенi туралы хабарлап отыруын қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кіріс министрлігінің Кеден комитетi: <*>
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Кiріс министрлiгiнiң Алкоголь өнiмiн өндiрудi және оның айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитетi мен Салық комитетiне белгiленген нысан бойынша Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетiн импортталған спирттiң, алкогольдi өнiмдердiң және сыраның барлық түрлерiнiң қозғалысы туралы ақпарат, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Салық комитетіне Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетiн темекi өнiмдерiнiң қозғалысы туралы ақпарат ұсынсын; <*>
ұқсатылған өнiмi акциздеуге жататын тауар болып табылатын Қазақстан тауарларының Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде ұқсату режимiнiң орындалуына бақылауды күшейтсiн.
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нің 1999.01.19. N 31 қаулысымен.
P990031_
4. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi ұқсатылған өнiмi спирт, алкоголь, темекi өнiмдерi мен сыра болып табылатын тауарларды ұқсатуға қорытындылар беру тәжiрибесiн тоқтатсын.
5. Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi және оның жергiлiктi жерлердегi органдары спирттiң барлық түрiн және алкоголь өнiмiн шығаруға лицензиялар беру жөнiндегi комиссияның құрамына салық органдарының өкiлдерi мен "Казалко" спирт және алкоголь өнiмiн шығарушылар ассоциациясының өкiлдерiн енгiзсiн.
6. Қазақстан Республикасының Ұлттық статистикалық агенттiгi 1997 жылға арналған жұмыстар регламентiнде өнiм өндiрушiлер бойынша спирт пен алкоголь өнiмiн шығару мен сату туралы есептi көздейтiн болсын.
7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi 1997
жылдың 15 сәуiрiне дейiн 1997 жылдың I тоқсанындағы жұмыс нәтижелерi бойынша осы қаулының iске асырылу барысы мен тиiмдiлiгi туралы ақпарат ұсынатын болсын. 8. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары