1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен "БАКЦИД" акционерлiк қоғамының бактериясыздандыру жабдығын өндiру жөнiндегi салааралық Талдықорған облысы Панфилов ауданының "Сарпылдақ" гидротермобассейнiнде "Қазақстан Республикасының экологиялық апат аймақтарының халықтарын асханалық, әлсiз ғана минералдандырылған сумен қамтамасыз ету және медицина мақсаттары үшiн сулы және құрғақ негiзде өндiру және оларды экспорттау" туралы инвестициялық жобаны жүзеге асыру жөнiндегi ұсынысы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының экономика министрлiгi Қаржы министрлiгiмен келiсе отырып, 1996 жылы республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiне бөлiнетiн несиенiң есебiнен (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 2 ақпандағы N 141 P960141_ қаулысына N 3-қосымша) заводтың бiрiншi кезегiнiң құрылысына 0,3 миллион АҚШ доллары және 1997 жылға ұзарта отырып, екiншi кезегiнiң құрылысына 8,76 миллион АҚШ доллары сомасындағы аталған жобаны басым объектiлер тiзбесiне енгiзгенi ескерiлсiн.
3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 2 ақпандағы N 141 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 қарашадағы N 1446 P961446_ қаулысына сәйкес "БАКЦИД" акционерлiк қоғамы аталған инвестициялық жобаны iске асырудан туындайтын барлық жұмыс кешендерi бойынша бас тапсырысшы ретiнде белгiленсiн.
4. Тапсырысшының Бүкiл дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымынан сапаның халықаралық сертификаттарын алуды қоса, зауыттың экспортқа бағытталған өнiмiн дайындауды және жобаның егжей-тегжейлi техникалық-экономикалық негiздемесiн әзiрлеу үшiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi 200 (екi жүз) мың АҚШ доллары сомасында, белгiленген тәртiппен қайтаратын етiп алдын ала несиелiк қаржыландыру мүмкiндiгiн көздесiн.
5. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi зауытты iске қосқаннан кейiн жер қойнауын пайдаланушылар роялти төлеудiң нақты нысанын контрактiде көздей отырып, "Сарпылдақ" гидротермобассейнiнде минералды суды өнеркәсiптiк өндiру үшiн лицензияны белгiленген тәртiп бойынша ресiмдесiн.
6. Талдықорған облысының әкiмi жер қойнауын пайдаланушыларға скважинаның тұрған жерiнде зауыттың құрылыс алаңына 1,5 гектар мөлшерде жер бөлуде, сондай-ақ санитарлық және буферлiк аймақтар үшiн жер бөлуде қажеттi жәрдем көрсетсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi