"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан
Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828
Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан
Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Қазақстан Республикасында пайдалы қазбаларды барлауға
және/немесе өндiруге лицензия алу құқығына арналған инвестициялық
бағдарламалар конкурсын өткiзу тәртiбi туралы қоса берiлiп отырған
Ереже бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 27 қаңтардағы
N 107 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасында пайдалы қазбаларды барлауға
және/немесе өндiруге лицензия алу құқығына инвестициялық
бағдарламалар конкурсын өткiзу тәртiбi туралы
ЕРЕЖЕ
1. Пайдалы қазбаларды барлауға және/немесе өндiруге лицензия алу құқығына арналған инвестициялық бағдарламалар конкурсы (бұдан әрi - конкурс) - жер қойнауын пайдалануға лицензия берудiң негiзгi тәсiлi болып табылады.
2. Конкурстар ашық және жабық болуы мүмкiн. Оларды лицензиялық орган немесе оның тапсыруы бойынша, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жұмыс органы жариялайды. Iрi объектiлер бойынша конкурстарды Қазақстан Республикасының Үкiметi жариялайды.
3. Жұмыс органы (ұйымдастыру комитетi) конкурс және оны өткiзу шарттары туралы хабарлама дайындайды.
4. Хабарламада (шақыруда):
конкурсқа түскен объектiнiң атауы, оның орналасқан жерi және қысқаша сипаттамасы;
жер қойнауын пайдалануды лицензиялау түрлерi;
конкурстың жүргiзiлетiн уақыты, орны және күнтiзбелiк кестесi;
конкурсқа қатысуға өтiнiштердi қабылдау тәртiбi болуы тиiс.
5. Конкурстың шарттары:
Қазақстан Республикасының бюджетiне төлемдердiң бастапқы мөлшерiн (жалдау ақысы, бонустар, роялти және т.б.);
конкурсқа қатысу құқығына төленетiн жарна;
конкурсқа қатысушыға алдын ала геологиялық ақпарат пакетiн берудi;
конкурс ұсыныстарының құрылымын;
конкурс ұсыныстарының баға белгiсiн ескеруi тиiс.
6. Ашық конкурс және оны өткiзу шарттары туралы хабарлама ресми баспасөз органдарында жариялануы тиiс, ал жабық конкурс шақыру және оны өткiзу шарттары оның барлық әлеуеттi қатысушыларының назарына конкурсты өткiзуге 90 күн қалғанға дейiн хабарлануы тиiс.
7. Конкурсқа қатысу ниетi осы Ереженiң 1,2-қосымшаларына сәйкес жұмыс органына (ұйымдастыру комитетiне) шақыруда көрсетiлген күннен кешiктiрiлмей жiберiлген өтiнiшпен расталуы тиiс.
8. Өтiнiмде:
өтiнiм иесi туралы деректер: өтiнiм иесiнiң атауы оның мекен-жайы, мемлекет қатыстылығы (заңды тұлғалар үшiн), азаматтығы (жеке тұлғалар үшiн);
заңды тұлға және лицензия алу кезiнде өтiнiм иесiн бiлдiретiн тұлғаның басшылары немесе иелерi туралы деректер;
өтiнiм иесiнiң қаржылық, техникалық, басқару және ұйымдастырушылық мүмкiндiктерi туралы деректер құжатты түрде расталуын қамтуға тиiс.
Өтiнiмдер өтiнiм иесi конкурсқа қатысу үшiн белгiленген жарнаны төлегеннен кейiн қарауға қабылданады.
9. Конкурсқа қатысушылардың саны кем дегенде екеу болуға тиiс.
10. Конкурсқа қатысушы өтiнiм иесiне конкурс шартымен жер қойнауын пайдалануға лицензия алу құқығына арналған конкурс ұсыныстарын әзiрлеу үшiн қажеттi және жергiлiктi геологиялық, тау-кен техникалық, технологиялық және өзге де деректер бар ақпарат пакетi берiледi.
11. Пайдалы қазбаларды барлауға лицензия алуға арналған конкурстық ұсыныс;
конкурсқа қатысушының соңғы бес жылдағы бұған дейiнгi қызметi туралы ақпаратты, оның қаржылық мүмкiндiктерi туралы банк анықтамасын;
жұмыс бағдарламасы мен оны жүзеге асыруға кететiн шығыстарын қоса алғанда, барлау жұмыстарын жүргiзу шарттарына қатысты ниеттерiн;
қайта қопсыту мен конкурстық аумақтық жердi қалпына келтiрудi қоса алғанда, конкурсқа қатысушының қоршаған ортаны қорғауға ниеттерiн;
қаржыландыру көздерi мен инвестициялық бағдарламаларын жүзеге асыру кездерiн қамтуға тиiс.
12. Конкурс қатысушылар конкурс шарттарымен белгiленген мерзiмде конкурстық ұсыныстар жасайды және оларды жұмыс органына (ұйымдастыру комитетiне) жiбередi.
13. Өндiруге лицензия алуға арналған конкурстық ұсыныс 12-тармақта көрсетiлген шарттардан басқа:
барлауға арналған лицензия деректерi және егер конкурсқа қатысушының қолында бар болса, оны пайдаланудың қорытындыларын;
барлау жұмыстарын бастау мерзiмi және оның экономикалық және техникалық мүмкiншiлiк деңгейiне жетуiн;
өндiруге байланысты шығыстар бойынша және пайдалы қазбалар сатудан түсетiн табыстар бойынша болжауларының есебiн;
Қазақстан Республикасына түсуге тиiс ақша түсiмдерi мен контрактiлiк аумақтағы өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымын дамытуға кететiн күрделi салымдарды;
қазақстандық кадрларды дайындау жөнiндегi мiндеттемелердi;
кен орындарын барлаудың жоспары мен алынатын пайдалы қазбалардың мөлшерiн қамтуға тиiс.
14. Пайдалы қазбаларды барлау мен өндiруге бiрлескен лицензияны алу құқығына арналған конкурстық ұсыныс, барлау мен өндiру лицензиясын алу құқығына арналған конкурстық ұсыныс үшiн қажеттi шарттарды қамтуы тиiс.
15. Конкурсқа қатысуға жiбермеу құқығы:
өтiнiмдi конкурстық шарттармен белгiленген мерзiмнен кейiн берсе;
өтiнiш иесi осы Ереженiң 8-тармағында көрсетiлген мәлiметтердi құжатты түрде растамай ұсынған жағдайларда орын алады.
16. Конкурстық ұсыныстардың сараптамасын жұмыс органы (ұйымдастыру комитетi) сайлаған сарапшылар жүзеге асырады. Конкурстық ұсыныстардың сараптамалық бағалары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыс органы (ұйымдастыру комитетi) әзiрлеген өлшемдер негiзiнде жүзеге асырылады.
17. Сараптамалық бағалар жұмыс органына (ұйымдастыру комитетiне) келiп түседi, жұмыс органы оларды жинақтап қорытып, хаттамамен ресiмдейдi, онда конкурстың жеңiмпазын анықтау жөнiндегi ұсынымдар берiледi.
18. Жұмыс органының (ұйымдастыру комитетiнiң) өткiзiлген конкурстың қорытындылары туралы хаттамасы оған қосымша конкурстық ұсыныстардың сараптамалық бағаларымен бiрге, ұсынылған мәлiметтер негiзiнде конкурс жеңiмпазы туралы шешiм қабылдайтын лицензиялық органға жiберiледi.
19. Конкурс жеңiмпазына лицензиялық орган ресми хабарлама
жiбередi және жер қойнауын пайдалануға лицензия берiледi. Конкурстың
қорытындылары ресми баспасөзде жарияланады.
20. Егер белгiленген конкурс мерзiмiнiң шегiнде конкурсқа тек
қана бiр өтiнiм қабылданған болса немесе егер конкурсқа қатысушылар
техникалық, басқару, ұйымдастыру және қаржы мүмкiншiлiктерi бойынша
конкурс шарттарына сай келмесе, одан конкурс өткiзiлмеген деп
саналады.
21. Конкурсты ұйымдастырушылар конкурсқа қатысушылардың
шығарған шығыстарын өтемейдi.
22. Жұмыс органына (ұйымдастыру комитетiне) келiп түскен барлық
конкурстық ұсыныстар конкурсқа қатысушыға қайтарылмайды.
23. Белгiленген мерзiмiнен кейiн берiлген ұсыныстар конкурсқа
қатысушыларға ашылмаған күйiнде қайтарылады.
24. Жер қойнауын пайдалануға лицензия алуға арналған конкурстық
ұсыныстар конкурс ұйымдастырушылары айқындалған мерзiмде, бiрақ
лицензия алу құқығына арналған конкурстық ұсыныстарды қабылдаған
күннен бастап алты айдан кешiктiрiлмей қаралуы тиiс.
1-Қосымша
__________________облысы _______________ауданның шегiнде орналасқан
___________________________________________________________________
(кен орнының атауы немесе контрактiлiк аумақтың сипаттамасы)
___________________________________________________________________
(пайдалы қазбаның түрi)
барлау (барлау және өндiру) үшiн жер қойнауын пайдалану құқығына
лицензия алуға арналған
Ө Т I Н I М
1. Өтiнiм иесi туралы деректер;
1) кәсiпорынның атауы;
2) деректемелер;
3) мекен-жайы, телефон, факс;
4) меншiк нысаны;
5) құрылтайшылар (бiрлескен кәсiпорындар, акционерлiк қоғамдар,
серiктестiктер және т.б. үшiн);
6) құрылған күнi, құжаттардың тiркелген нөмiрi;
7) басшылар, лицензия алудағы өтiнiм иесiнiң өкiлi;
8) қызметiнiң негiзгi түрi, жұмыс тәжiрибесi;
9) кәсiпорынның қаржылық жай-күйi, қаржы көздерi;
10) өтiнiш берушi кәсiпорынның немесе мердiгердiң техникалық, технологиялық және ұйымдастырушылық мүмкiндiктерi.
2. Жер қойнауын пайдаланумен байланысты (объектiнiң атауы, қысқаша геологиялық сипаттамасы, қорлары, пайдалы құрамдас бөлшектерiнiң орташа мөлшерi, шикiзаттың сапасы) жұмыстардың нысаналы мақсаты.
3. Сұралған аумақтық кеңiстiк шектерi, оның ауданы:
1) 1942 жылғы координат жүйесi бойынша геологиялық бөлудiң бұрыштық нүктелерiнiң координаттары көрсетiлген жоба;
2) геологиялық бөлудiң картограммасы;
3) аудандар бойынша өз қаражаты есебiнен жүргiзiлген жұмыстар бойынша есеп пен шығындардың мемлекеттiк тiркеу нөмiрi.
4. Лицензия сұралуының мерзiмi:
1) геологиялық зерделеу кезеңiнiң ұзақтығы;
2) өндiру кезеңiнiң ұзақтығы.
5. Аумақты жылдар бойынша қайтару (2-5 жыл геологиялық зерделеуден кейiн).
6. Жұмыстардың ең шағын жоспары. Негiзгi геологиялық және геофизикалық зерттеулердiң физикалық және ақшалай көрiнiсiндегi бастапқы бес жыл бойына аудан, учаске, блок, кен орындары бойынша белгiленген аумағы.
7. Егер бұрын өтiнiм иесi жер қойнауын пайдалануға лицензия
алған боса онда:
1) лицензиялардың нөмiрiн көрсету;
2) әр лицензия бойынша лицензиялық шарттардың орындалуын
көрсету:
ақпарат алу, шарт жасасу, ақшалай көрiнiстегi iс жүзiнде
орындалуы, кәсiби оқытуды қаржыландыру.
8. Лицензиялық аумақтың инфрақұрылымын пайдалану және дамыту
жөнiндегi өтiнiм иесiнiң ниетi.
9. Жергiлiктi жұмыс күшiн пайдалану және оқытуға жұмсалатын
шығын көлемi жөнiндегi өтiнiм иесiнiң ниетi.
ӨТIНIМГЕ ҚОСА БЕРIЛЕТIН ҚҰЖАТТАРДЫҢ
ТIЗIМI
1. Облыс әкiмшiлiгiнiң басшысымен алдын ала келiсiлген жер
бөлiп берудiң хаттамасы.
2. Лицензия алу құқығына арналған конкурсқа қатысқаны үшiн
жарна төленгенi туралы құжат (20 ең төменгi жалақы мөлшерiнде).
3. Шаруашылық жүргiзушi субъектiнi тiркеу туралы куәлiктiң
көшiрмесi.
4. Жарғының көшiрмесi.
5. Құрылтай шартының көшiрмесi.
6. Контрактiлiк аумақты геологиялық бөлудiң картограммасымен
бiрге жобасы.
7. Өтiнiм иесiнiң белгiленген жұмыстарды орындау жөнiндегi
қаржы мүмкiндiктерiн растайтын құжаттар.
8. Өтiнiм иесiнiң белгiленген жұмыстарды орындау жөнiндегi
техникалық, ұйымдастыру және басқару мүмкiндiктерiн растайтын
құжаттар.
9. Жер қойнауын және жер учаскелерiн (жұмыс iстеген
кәсiпорындар үшiн) пайдалануға бұрын берiлген құқықты растайтын
құжаттардың көшiрмесi.
Мөр орны Кәсiпорын басшысы_________________
Мерзiмi
2-Қосымша
облысы________________ауданындағы __________кен орындарындағы
__________________________кенiн өндiруге лицензия алуға арналған
Ө Т I Н I М
1. Өтiнiм иесi туралы мәлiметтер:
1) кәсiпорынның атауы;
2) деректемелер;
3) мекен-жайы, телефон, факс;
4) меншiк нысаны;
5) құрылтайшылар (бiрлескен кәсiпорындар, акционерлiк қоғамдар,
серiктестiктер және т.б. үшiн);
6) құрылған күнi, тiркелген құжаттардың нөмiрлерi;
7) басшылары, лицензия алудағы өтiнiм иесiнiң өкiлi;
8) қызметтiң негiзгi түрi;
9) жұмыс тәжiрибесi;
10) өтiнiш берушi кәсiпорынның қаржылық жағдайы және жер
байлықтарын пайдалануға белгiленген жұмыстарды орындау
мүмкiншiлiктерi;
11) қаржы көздерi;
12) өтiнiш берушi - кәсiпорынның немесе мердiгердiң техникалық, технологиялық және ұйымдастырушылық мүмкiндiктерi;
13) жобаның атауы (есеп берудiң) және оның мемлекеттiк тiркеу нөмiрi (өтiнiш берушi кәсiпорын жүргiзген iздестiру және барлау жұмыстарын қаржыландыратын жағдайда), қаржыландыру көлемi;
2. Жер қойнауын пайдалануға байланысты жұмыстардың нысаналы мақсаты:
1) мәлiмделiнген объектiнiң қысқаша геологиялық мiнездемесi;
2) негiзгi және солармен қатар жатқан пайдалы қазбалар бойынша кен орындарының қоры. Қайда, қашан және қандай санаттармен бекiтiлген, ЖМК (АМК) хаттамасының нөмiрi;
3) жұмыстың ең шағын жоспары;
а) жылдар бойынша белгiленген өндiру көлемi;
б) өндiру жұмыстарының басталуы;
в) кен орындарының негiзiне ұсынылған күрделi салымдар;
4) өтiнiм берген сәттегi жағдайына байланысты пайдаланылған
және кәсiпорын балансында болып саналатын қорлардың жұмыс iстейтiн
кәсiпорындар үшiн мөлшерi;
3. Сұралған аумақтың кеңестiк шектерi, оның ауданы, орналасқан
жерi.
4. Техникалық-экономикалық көрсеткiштерi:
жаңадан қосылған кен орындары үшiн ТЭО шарты бойынша,
пайдаланудағы кен орындары бойынша - техникалық жобасымен
салыстырғанда iс-жүзiнде соңғы 3 жылда:
1) техжоба бойынша өнiмдiлiк - iс жүзiнде;
2) өндiру тәсiлi - жер асты, ашық, құрастырылған;
3) өндiру жүйесi, олардың ара қатысы - техжоба бойынша және iс
жүзiнде;
4) техжоба бойынша шығындар - iс жүзiнде;
5) сусыздандыру;
6) өңдеу (өңдеудiң схемасы);
7) алынатын өнiмдер және олардың сапасы;
8) негiзгi және пайдалы құрамдас бөлiктердi техжоба бойынша
шығару - iс жүзiнде;
9) жоспарлы өндiрудiң өзiндiк құны - iс жүзiнде;
10) өңдеудiң өзiндiк құны;
11) жалпы жылдық шығындар;
12) сатылған жылдық өнiмнiң құны;
13) негiзгi қорлардың (тау-кен күрделi жөндеудi қоса алғанда)
қалдық құны;
14) айналым қаражаты;
15) жер қойнауын және жердi пайдаланғаны үшiн төленетiн
төлемдер.
5. Лицензияның сұралатын мерзiмi.
6. Лицензиялық аумақтың немесе таулы бөлiнген ауданның
инфрақұрылымын пайдалану мен дамытудың өтiнiм иесiнiң ниетi; жұмыс
iстеген кәсiпорын үшiн ауданның инфрақұрылымын ұстауға, әлеуметтiк
құжаттарға жұмсайтын шығындар.
7. Жергiлiктi жұмыс күшiн пайдалану жөнiндегi өтiнiм иесiнiң
ниетi және оқытуға жұмсалатын шығын көлемi.
ӨНДIРУГЕ АРНАЛҒАН ӨТIНIМГЕ ҚОСА БЕРIЛЕТIН
ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТIЗIМI
1. Таулы бөлудiң жобасы, ал жұмыс iстейтiн кәсiпорындар үшiн 1942 жылғы координаттар жүйесi бойынша таулы бөлудiң бұрыштық нүктелерiнiң координаттарын көрсете отырып жасалған актiнiң көшiрмесi, игеру тереңдiгi. Таулы бөлудiң картограммасы.
2. Облыс әкiмшiлiгiнiң басшысымен алдын ала келiсiлген жер бөлiп берудiң хаттамасы немесе жер қойнауын және жер учаскелерiн (жұмыс iстейтiн кәсiпорындар үшiн) пайдалануға бұрын берiлген құқықты растайтын құжаттардың көшiрмесi.
3. Шаруашылық жүргiзушi субъектiнi тiркеу туралы куәлiктiң
көшiрмесi.
4. Лицензия алу құқығына арналған конкурсқа қатысқаны үшiн жарна
төленгенi туралы құжат (20 ең төменгi жалақы мөлшерiнде).
5. Жарғы көшiрмесi.
6. Құрылтай шартының көшiрмесi.
7. Өтiнiм иесiнiң белгiленген жұмыстарды орындау жөнiндегi
қаржы, мүмкiндiктерiн растайтын құжаттар.
8. Өтiнiм иесiнiң техникалық, ұйымдастырушылық және басқару
мүмкiндiктерiн растайтын құжаттар, егер өндiруге аттестаты бар
болса, аттестатының нөмiрiн, өндiрудiң мерзiмiн және кiм бергенiн
көрсету керек.
Мөр орны Кәсiпорын басшысы ____________________
Мерзiмi