Орал қаласындағы Жайық өзенi арқылы өтетiн "Самара-Шымкент" автомобиль жолында орналасқан көпiрден көлiк құралдарының, соның iшiнде iрi ауқымды және ауыр салмақтыларының өтуi салдарынан авариялық жағдайда тұрған көпiрге келтiрiлген зиянды өтеу, сондай-ақ жөндеу жұмыстарын жүргiзу және Орал қаласында Жайық өзенi арқылы жаңа көпiр салуды тездету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. "Жол қоры туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2701 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес ТМД елдерiнiң, алыс шетелдер және Қазақстан Республикасының көлiк құралдарына, iрi ауқымды және ауыр салмақты жүк таситындарын қоса алғанда, "Самара-Шымкент" республикалық мемлекеттiк автомобиль жолының Орал қаласындағы Жайық өзенi арқылы көпiрден өтетiн, кiре берiстерiн қосқанда 8 км созылған учаскесiнен жүру үшiн төлем белгiленсiн.
2. Жоғарыда аталған учаскеден жүргенi үшiн төлем ставкалары қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
3. Жол жүру алымдарынан түскен қаражат Орал қаласындағы Жайық өзенi арқылы өтетiн қазiргi көпiрдi жөндеу және жаңасын салу үшiн Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң республикалық Жол қорына жiберiлсiн.
4. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен, Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен, Батыс Қазақстан облысының әкiмiмен бiрлесiп Орал қаласында Жайық өзенi арқылы жаңа көпiрдiң құрылысын аяқтау үшiн тiкелей шетелдiк және отандық инвестицияларды тарту мүмкiндiгiн қарасын.
5. Батыс Қазақстан облысының әкiмi көпiр арқылы өткенi үшiн төлем алынбайтын арнаулы көлiк құралдарының тiзбесiн айқындасын.
6. Учаскемен жүрiп өткенi үшiн төлемнiң толық түсуiне және түскен қаражаттың мақсатты пайдаланылуына бақылау жасау Батыс Қазақстан облысының әкiмiне жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 3 ақпандағы
N 135 қаулысына
қосымша
Республикалық "Самара-Шымкент" мемлекеттiк автомобиль
жолының Орал қаласындағы Жайық өзенi арқылы өтетiн
көпiрмен ұзындығы 8 км учаскесiнен көлiк құралдары
жүрiп өткенi үшiн төлемақы
СТАВКАСЫ
___________________________________________________________________
Көлiк құралдары |ТМД, Алыс шетел елдерi мен
|Қазақстан Республикасы көлiк
|құралдарының жүруi үшiн
|төлемақы мөлшерi, АҚШ
|долларымен
___________________________________________________________________
Жеңiл автомобильдер | 0,85
Шағын автобустар | 1,25
Жеңiл автобустар (ПАЗ, КАВЗ) | 2,50
Ауыр автобустар (Икарус, ЛИАЗ, ЛАЗ |
және басқалары) | 5,80
Жүк автомобильдерi, жүк |
көтерiмдiлiгi тоннамен: |
1,0 дейiн | 1,25
1,0-ден 5,0 дейiн | 3,50
5,0-ден 8,0 дейiн | 5,80
8,0-ден 12,0 дейiн | 7,50
12,0-ден 15,0 дейiн | 12,50
15,0 артық | 16,50
|
Тракторлар | 4,20
___________________________________________________________________
Ескертпе: Төлеу сәтiндегi доллар бағамы бойынша теңгемен төлем
жасалады.
Батыс Қазақстан облысында тiркелген жеңiл
автомобильдерден төлем алынбайды.