"Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының Z933600_ 1-бабына сәйкес осы ЖАРЛЫҚТЫ ШЫҒАРАМЫН:
1-бап. Жол қорының мақсаты
1. Қазақстан Республикасының аумағында жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдары өздерiнiң маңызына қарай республикалық және жергiлiктi болып бөлiнедi, Автомобиль жолдарын олардың маңызына қарай саралау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
2. Жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарын, сондай-ақ ондағы ғимараттарды ұстау, жөндеу, қайта жаңарту және салуға байланысты шығындарды қаржыландыру арнаулы қор - Жол қоры есебiнен жүзеге асырылады.
3. Жол қорының қаражаты республикалық, облыстық жол қорларына
және Алматы қаласының жол қорына есептеледi.
4. Жол қорының қаражаты нысаналы жұмсалады әрi оны өндiрiп
алуға немесе жалпы пайдалануға автомобиль жолдарын ұстау мен
дамытуға қатысы жоқ мұқтаждарға жұмсауға болмайды. Республикалық жол
қорының қаражатын пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының
Үкiметi, облыстық жол қорлары мен Алматы қаласы жол қорының қаражатын
пайдалану тәртiбiн - облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi
айқындайды.
ЕСКЕРТУ. 1-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.06.08.
N 231 Заңымен.
2-бап. Жол қорының құралу көздерi
Жол қорын құраушы көздер мыналар болып табылады:
автомобиль жолдарын пайдаланушылар жасайтын аударымдар;
Қазақстан Республикасының аумағына келгенi, кеткенi және жүрiп
өткенi үшiн алынатын төлем;
бензиннен және дизель отынынан алынатын алым;
ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдарымен жүргенi үшiн алынатын
төлем.
мыналарды қамтитын басқа да түсiмдер:
сервис және жарнама объектiлерiн автомобиль жолдарының бұрылыс жиегiне орналастыру үшiн төленетiн ақы; рұқсат етiлген салмақ пен көлемнен асатын ауыр салмақты және iрi көлемдi көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өткенi үшiн төленетiн ақы; Қазақстан Республикасы аумағынан шетелдiк жүк тасымалдаушылардың жүктер тасымалдағаны үшiн төленетiн ақы; автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын пайдалану ережелерiн бұзғаны үшiн жол шаруашылығына келтiрiлген залалды өтеу есебiне өндiрiп алынған қаражат. Басқа түсiмдер құрамына енгiзiлген ақы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген ставкалар бойынша өндiрiп алынады.
ЕСКЕРТУ. 2-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан
Республикасының 1998.06.08. N 231 Заңымен. Z980231_
3-бап. Автомобиль жолдарын пайдаланушылардың аударымдары
1. Заңды тұлғалар Жол қорына автомобиль жолдарын пайдаланушылардың қаржысын ай сайын аударып отыратын төлеушiлер болып табылады.
2.Төлемдердi есептеу негiзi жылдық жиынтық табыс болып табылады.
3. Автомобиль жолдарын пайдаланушылардың аударатын қаржысы қызмет түрiне қарамастан заңды тұлғалардың жылдық жиынтық табысының (мемлекеттiк бағалы қағаздардан алынатын кiрiстi қоспағанда) 0,1 процент ставкасы бойынша төленуге тиiс.
4. Осы баптың мақсаты үшiн "жиынтық жылдық табыс" терминi салық заңдарында белгiленген ұғымда қолданылады.
5. Автомобиль жолдарын пайдаланушылар аударатын қаржы төлеуден мынадай заңды тұлғалар босатылады:
Қазақстан Республикасының мүгедектер ерiктi қоғамы, Қазақ зағиптар қоғамы, Қазақ мылқаулар қоғамы, Ақыл-ойы мен дене дамуында кемiстiгi бар балалар мен жасөспiрiмдердi әлеуметтiк бейiмдеу және еңбекпен оңалту орталығы, Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты ай және Қызыл Крест қоғамы, сондай-ақ осы қоғамдардың меншiгi болып табылатын және толығымен олардың қаражаты есебiнен құрылған өндiрiстiк ұйымдар, Ауғанстандағы соғыс ардагерлерiнiң Қазақ Республикалық ұйымы (өндiрiстiк ұйымдарсыз), сауда-делдалдық қызметтен, акциздеуге жататын тауарларды өндiру мен сатудан алынған табыстардан басқалары, асырауында балалары бар мүгедек әйелдердiң "Бибi-Ана" Республикалық қоғамы;
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi;
коммерциялық емес ұйымдар - кәсiпкерлiк қызметтi қоспағанда, жарғылық қызметтен;
тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн халықаралық ұйымдар;
қызметкерлерiнiң жалпы санының кемiнде 50 процентiн мүгедектер құрайтын, тауарлар өндiрумен (жұмыс орындаумен, қызмет көрсетумен) айналысатын өндiрiстiк ұйымдар.
ЕСКЕРТУ. 3-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының
1998.06.08. N 231 Заңымен. Z980231_
4-бап. Қазақстан Республикасы аумағында келгенi,
кеткенi және жүрiп өткенi үшiн төлем
1. Қазақстан Республикасы аумағында келгенi, кеткенi және жүрiп өткенi үшiн төлемдi халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар төлейдi.
2. Республиканың аумағында келгенi, кеткенi және жүрiп өткенi үшiн төлемдi есептеу тәртiбi мен оның мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
5-бап. Бензиннен және дизель отынынан алынатын алым
1. Бензиннен және дизель отынынан алынатын алымды төлеушiлер:
Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген бензин мен дизель отынын оларды өндiрушiлерден сатып алуды жүзеге асыратын;
бензин мен дизель отынын Қазақстан Республикасының аумағында өндiру үшiн алыс-берiс шикiзатын беретiн;
бензин мен дизель отынын Қазақстан Республикасының аумағында
импорттайтын заңды және жеке тұлғалар болып табылады.
2. Бензин мен дизель отынынан алынатын алымдарды:
оларды сатып алушыларға босатқан кезде - өндiрушi;
оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелген кезде кеден
қызметiнiң органдары ұстап қалады.
3. Бензин мен дизель отыны алыс-берiс шикiзатынан өндiрiлген
кезде алым олардың берiлу сәтiнде ұсталады.
4. Бензин мен дизель отынынан алынатын алым теңгемен төленедi.
5. Алым ставкалары 1999 жылғы 1 қаңтардан бастап тиiстi жылға
арналған республикалық бюджет туралы Заңмен белгiленедi.
6. Республикада өндiрiлетiн және Республикаға әкелiнетiн бензин
мен дизель отынынан алынатын алымның 1998 жылға арналған ставкаларын,
оларды есептеудiң және Жол қорына төлеудiң тәртiбi мен шарттарын
Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
ЕСКЕРТУ. 5-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының
1998.06.08. N 231 Заңымен.
6-бап. Ақылы мемлекеттiк автомобиль
жолдарымен жүргенi үшiн төлем
1. Ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдарында жүрген ретте көлiк
құралдарын жүргiзушiлер төлеушi болып табылады.
2. Ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдарымен жүргенi үшiн төлемнiң ставкаларын, есептеу тәртiбi мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
7-бап. Жол қорының қаражатын бөлу
1. Автомобиль жолдарын пайдаланушылар аударымының 50 процентi, Қазақстан Республикасының аумағына келгенi, кеткенi және жүрiп өткенi үшiн төлем, бензин мен дизель отынынан алынатын алымның 100 процентi. Бензин мен дизель отынынан алынатын алымның 30 процентi республикалық Жол қорынан облыстық жол қорлары мен Алматы қаласының жол қорына мiндеттi түрде аударылуға тиiс.
2. Автомобиль жолдарын пайдаланушылар аударымының 50 процентi облыстық жол қорына аударылады.
3. Ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдарымен жүргенi үшiн төленетiн ақы мен осы Жарлықтың 2-бабында аталған басқа да түсiмдер автомобиль жолдарының маңыздылығына қарай республикалық немесе облыстық жол қорларына есептеледi.
4. Республикалық және облыстық жол қорларының қаражаттары Қазынашылық органдарының ағымдағы шоттарында жинақталады.
5. Жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдары желiсiнiң даму деңгейiн теңестiру үшiн республикалық жол қорынан облыстық жол қорларына демеуқаржы бөлiнуi мүмкiн.
6. Алматы қаласының жол қорына бензин мен дизель отынынан алынатын алымдарды қоспағанда, Алматы қаласында заңда белгiленген тәртiппен тiркелген төлеушiлерден республикалық Жол қорына түсетiн төлемдердiң 50 процентi есептеледi.
7. Облыстық Мәслихаттар республикалық автомобиль жолдарын дамытуға қосымша қаражат бөле алады.
ЕСКЕРТУ. 7-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан
Республикасының 1998.06.08. N 231 Заңымен. Z980231_
8-бап. Жол қорларына төлеушiлердiң
жауапкершiлiгi
1. Жол қорына төлемнiң дұрыс есептелуi және уақыты төленуi үшiн жауапкершiлiк төлеушiге жүктеледi.
Жол қорына бензин мен дизель отынынан алынатын алымдардың ұсталуы, толықтығы және уақтылы аударылуы үшiн жауапкершiлiк өндiрушiлерге жүктеледi.
2. Жол қорына мерзiмiнде төленбеген төлемдердiң сомалары, соның iшiнде ағымдағы төлемдер төлеушiлерден әрбiр өткiзiлiп алынған күн үшiн (төлеу күнiн қоса) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi сол сомаларды төлейтiн күнге белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 1,2 еселенген мөлшерiнде өсiм есептеле отырып өндiрiлiп алынады.
3. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн орындайтын басқа ұйымдар заңдарда белгiленген бiрiншi кезектi төлемдерден кейiн төлеушiлердiң жол қорына төлемдерiн төлеуге төлемдiк тапсырмаларын олардың есеп айырысу және басқа шоттарынан екiншi кезекте орындауға мiндеттi. Жол қорына төлемдердiң және белгiленген мерзiмде енгiзiлмеген өсiмдерiнiң сомасын төлеушiлерден өндiрiп алуға инкассалық тапсырмалар (өкiмдер) осындай тәртiппен орындалады, сондай-ақ Жол қорына қаражат енгiзiлуiн бақылауды жүзеге асыратын органдарға Жол қорына төленетiн төлемдерге байланысты мәселелер бойынша заңды тұлғалардың шоттарындағы ақша қаражатының қалдықтары мен қозғалысы туралы анықтама беруге мiндеттi.
Жол қорларына төлеушiлердiң арнайы шоттарына келiп түскен қаражатының уақтылы салынбағаны үшiн банктер қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауап бередi.
4. Жол қорына қаражаттың толық, дұрыс және уақтылы енгiзiлуiне бақылау жасауды салық қызметi органдары жүзеге асырады.
ЕСКЕРТУ. 8-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан
Республикасының 1998.06.08. N 231 Заңымен. Z980231_
9-бап. Осы Жарлықты жүзеге асыру шаралары туралы
және күшiне енгiзу тәртiбi туралы
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi 1996 жылғы 1 қаңтарға дейiн:
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн "Жол қоры туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына сәйкес келтiрсiн;
Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерiнiң, өзге де орталық атқарушы органдарының осы Жарлыққа қайшы келетiн нормативтiк актiлерi мен нұсқаулықтарының қайта қаралуын, күштерiнiң жойылуын қамтамасыз етсiн.
2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Жол қоры туралы" 1991 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1991 ж., N 52, 633-құжат; 1992 ж., N 13-14, 343-құжат; 1993 ж., N 1,17-құжат);
"Жол қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңын күшiне енгiзу
туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1991 жылғы 19
желтоқсандағы қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң
Жаршысы, 1991 ж., N 52, 634-құжат).
3. Осы Жарлық 1996 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi