1. 1-қосымшаға сәйкес "Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясының даму стратегиясын әзiрлеу және оны қайта ұйымдастыру жөнiндегi жұмыс тобы құрылсын.
2. Жұмыс тобы бiр айлық мерзiмде республика телекоммуникациялар жүйесiнiң стратегиялық даму және оны қайта ұйымдастыру тұжырымдамасын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн.
3. "Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясының байқаушы
кеңесi 2-қосымшаға сәйкес құрамда бекiтiлсiн. 4. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен бiрлесiп телекоммуникацияларды дамыту және жетiлдiру жобаларын 1997-1998 жылдарға арналған инвестициялық басым жобалар тiзбесiне енгiзу мүмкiндiгiн қарасын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 18 ақпандағы N 234 қаулысына 1-қосымша "Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясының даму стратегиясын әзiрлеу және оны қайта ұйымдастыру жөнiндегi жұмыс тобының ҚҰРАМЫ Қалмырзаев С.С. - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төрағасы, жұмыс тобының жетекшiсi Жұмыс тобының мүшелерi: Лавриненко Ю.И. - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрi Ертiлесова Ж.Ж. - Қазақстан Республикасы Экономика министрiнiң бiрiншi орынбасары Шоқпытов А.М. - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi төрағасының бiрiншi орынбасары Менжулин Б.И. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң орынбасары Молдахметов Н.С. - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң орынбасары Рахымбекова Р.М. - Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ұлттық комиссиясының төрағасы Бүркiтбаев С.М. - "Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясының президентi Кучура В.Н. - "Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясының вице-президентi Кәрiбжанов А.Т. - GLOBAL Kazkommerts Securities бас директорының орынбасары (келiсiм бойынша) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 18 ақпандағы N 234 қаулысына 2-қосымша "Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясы байқаушы кеңесiнiң құрамы Шоқпытов А.М. - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi төрағасының бiрiншi орынбасары, байқаушы кеңестiң төрағасы Байқаушы кеңестiң мүшелерi: Шаймұханов С.Д. - Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Байланыс департаментiнiң директоры Мыңбаев С.М. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң орынбасары Бүркiтбаев С.М. - "Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясының президентi Кәрiбжанов А.Т. - GLOBAL Kazkommerts Securities бас директорының орынбасары (келiсiм бойынша)