Аудиторлық қызметтi лицензиялау туралы ереже мен бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 27 ақпан N 274. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.06.29. N 878 қаулысымен

 


     "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995

жылғы 17 сәуiрдегi N 2200 


Z952200_


  Заң күшi бар Жарлығын (Қазақстан

Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат)

орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

     Қоса берiлiп отырған:

     Аудиторлық қызметтi лицензиялау туралы ереже;

     аудиторлық қызметтi лицензиялауға бiлiктiлiк талаптары

бекiтiлсiн.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрi

                                       Қазақстан Республикасы

                                             Үкiметiнiң

                                       1997 жылғы 27 ақпандағы

                                          N 274 қаулысымен

                                              бекiтiлген


              Аудиторлық қызметтi лицензиялау туралы

                              ЕРЕЖЕ

     ЕСКЕРТУ. Мәтiнге өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.06.27.

              N 1026 қаулысымен. 


P971026_




                    I. Жалпы ережелер



 
       1. Осы Ереже алушыға (бұдан әрi - лицензия алушы) аудиторлық қызмет жүргiзуге арналған лицензия берудiң тәртiбiн, шарттарын және бiлiктiлiк талаптарын айқындайды.
      2. Аудиторлық қызметтi жүргiзуге арналған лицензияны Қазақстан Республикасының жеке адамдарына Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бухгалтерлiк есеп және аудит методологиясы департаментi (бұдан әрi - Департамент) бередi.
      Шетелдiк жеке адамдар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар лицензияларды, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының жеке адамдары сияқты шарттарда және сондай тәртiпте алады.
      3. Заңды тұлға аудиторлық қызметтi жүзеге асырған жағдайда оның басшысының мiндеттi түрде барлық аудиторлық қорытындыларға қол қоюға құқы бар аталмыш қызметтi жүргiзуге арналған лицензиясы болуы тиiс.
 
            II. Лицензияларды берудiң шарттары және тәртiбi
 
      4. Аудиторлық қызметтi жүргiзуге арналған лицензиялар үш жыл мерзiмге берiледi. Лицензияны алу үшiн лицензия алушы Департаментке мынадай құжаттар:
      1) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен нысан бойынша оны алуға өтiнiш;
      2) лицензиялық алымды төлегенiн растайтын құжаттың көшiрмесiн;
      3) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк (егер лицензия алуға талаптанушы оның басшысы болып табылатын болса);
      4) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Бiлiктiлiк комиссиясының бiлiктiлiк куәлiгiн ұсынады.
      Лицензия алу үшiн ұсынылған барлық құжаттар Департаментте тiркеледi.
      Лицензия алушыдан осы Ережеде көзделмеген құжаттарды талап етуге тыйым салынады.
      5. Лицензия беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешiм қабылданғанға дейiн Департамент өтiнiшпен бiрге ұсынылған материалдарды, олардың толықтығы мен растығын, қызметтiң лицензияланатын түрiн жүргiзу шарттарының нормативтiк құқықтық актiлердегi ол үшiн белгiленген талаптарға сәйкестiгiн бағалай отырып қарайды.
      6. Лицензияны беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешiм барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш алынған күннен бастап 30 күннiң iшiнде қабылданады.
      Лицензия беруден бас тарту туралы хабарлама өтiнiш берушiге бас тарту себебi көрсетiле отырып, жазбаша түрде берiледi.
      7. Лицензияда:
      лицензия берген органның атауы:
      жеке адамдар үшiн - фамилиясы, аты, әкесiнiң аты, паспорттық деректерi (сериясы, нөмiрi, қашан және кiм бергенi, тұратын жерi);
      лицензияның қолданылу мерзiмi;
      аудиторлық қызметтi жүзеге асырудың шарттары;
      лицензияның тiркеу нөмiрi және берiлген күнi көрсетiледi.
      8. Лицензияның қолданылу мерзiмiн ұзарту оны алу үшiн белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
      9. Лицензияны басқа жеке адамға беруге тыйым салынады.
      10. Берiлген лицензия жеке адамды кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң күшi жойылған кезде заңды күшiн жояды.
      11. Лицензияға лицензиялық органның басшысы қол қояды және ол осы органның мөрiмен расталады.
      12. Лицензия:
      лицензия алушы лицензиядағы талаптарды орындамаған:
      сот лицензия алушыға жүзеге асыруға лицензиясы бар қызмет түрiмен айналысуға тыйым салған;
      лицензия берушi лицензияның қолданылуын тоқтатқан себептер жойылмаған жағдайларда заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, сот тәртiбiмен қайтып алынуы мүмкiн.
      13. Лицензия берушi лицензияның күшiн тоқтата тұру себептерiн көрсете отырып, алты айға дейiнгi мерзiмде тоқтата тұруға құқылы. Тоқтата тұру, қайта қолдануға енгiзу туралы шешiмдi лицензия берушi қабылдайды. Лицензия берушi тоқтата тұру, қайта қолдануға енгiзу туралы шешiм қабылданған күннен бастап үш күндiк мерзiмде бұл жөнiнде жазбаша түрде лицензиялаушыға және Қазақстан Республикасының салық қызметiнiң органына хабарлайды.
      Лицензияның күшi аталған хабарламаны алған күннен бастап тоқтатыла тұрады, қайта қолдануға енгiзiледi.
      Лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған себептер жойылғаннан кейiн лицензия қайта күшiне енедi.
      14. Лицензиялық органның шешiмдерi мен iс әрекетiне қолданылып жүрген заңдарға сәйкес шағым жасалуы мүмкiн.
      15. Департаменттiң лауазымды адамдары, лицензия алушылар осы ереженiң талаптары мен лицензиялық қызметтiң Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген тәртiбiнiң бұзылуы және тиiсiнше орындамағаны үшiн жауапкершiлiкте болады.
      16. Лицензия бланкiлерiнiң ұсынушыға арналған бағалы қағаз

 

деңгейiнде қорғалу дәрежесi сондай-ақ есепке алу сериясы мен нөмiрi

болады және қатаң есептiлiктегi құжат болып табылады. Лицензиялар

бланкiлерiн алуды, есепке алуды және сақтауды Департамент жүзеге

асырады.



     17. Аудиторлық қызмет жүргiзуге арналған лицензия Қазақстан

Республикасының аумағында жарамды болады. Лицензия жоғалған

жағдайда лицензияның дубликаты берiледi.


                                       Қазақстан Республикасы

                                             Үкiметiнiң

                                       1997 жылғы 27 ақпандағы

                                          N 274 қаулысымен

                                              бекiтiлген


            Аудиторлық қызметтi лицензиялауға бiлiктiлiк

                            талаптары

     ЕСКЕРТУ. Мәтiнге өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.06.27.

              N 1026 қаулысымен. 


P971026_




     1. Аудиторлық қызметтi жүргiзуге лицензия алу үшiн жеке адамдар

мынадай талаптарға жауап беруi тиiс:

     1) соңғы бес жылда үзiлiссiз жұмыс стажының болуы, оның iшiнде:


 
       практикалық бухгалтерлiк қызметте (бухгалтер, аудитор, бухгалтер-тексерушi немесе оларға теңестiрiлген мамандықтар),
      немесе кемiнде екi жылдың iшiнде практикалық бухгалтерлiк қызметпен қоса экономикалық жоғары оқу орындарында бухгалтерлiк есеп және аудит жөнiнде ғылыми-оқытушылық қызмет,
      немесе практикалық бухгалтерлiк қызметтен (кемiнде екi жыл) және экономикалық жоғары оқу орындарындағы бухгалтерлiк есеп және аудит жөнiндегi оқытушылық жұмысынан тұратын жиынтық жұмыс стажы;
      2) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы Бiлiктiлiк комиссиясының бiлiктiлiк куәлiгi болуы.
      2. Лицензия бар адамдар өзiнiң кәсiби деңгейiн көтеру мақсатында Департамент бекiткен ережелерге сәйкес жыл сайын үзiлiссiз кәсiптiк бiлiм беру жүйесiнде оқудан өтедi және әрбiр үш жылда бiлiктiлiк емтиханын тапсырады.
 

Об утверждении Положения о лицензировании аудиторской деятельности и квалификационных требований

Постановление Правительства Республики Казахстан от 27 февраля 1997 г. N 274. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 29 июня 1999 г. N 878 ~P990878.

      Во исполнение Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу Закона, от 17 апреля 1995 г. N 2200 Z952200_ "О лицензировании" (Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1995 г., N 3-4, ст. 37) Правительство Республики Казахстан постановляет:
      Утвердить прилагаемые:
      Положение о лицензировании аудиторской деятельности;
      квалификационные требования к лицензированию аудиторской деятельности.
 

     Премьер-Министр

  Республики Казахстан



                                        Утверждено



                               постановлением Правительства

                                   Республики Казахстан

                                от 27 февраля 1997 г. N 274



 
 
                               Положение
              о лицензировании аудиторской деятельности
 
      Сноска. В Положении заменены слова - постановлением Правительства Республики Казахстан от 27 июня 1997 г. N 1026. P971026_
 
                          I. Общие положения
 
      1. Настоящее Положение определяет порядок, условия и квалификационные требования на выдачу получателю (далее - лицензиат) лицензии на ведение аудиторской деятельности.
      2. Лицензия на ведение аудиторской деятельности выдается физическому лицу Республики Казахстан Департаментом методологии бухгалтерского учета и аудита Министерства финансов Республики Казахстан (далее - Департамент).
      Иностранные физические лица, а также лица без гражданства получают лицензии на таких же условиях и в таком же порядке, что и физические лица Республики Казахстан, если иное не предусмотрено законодательными актами.
      3. В случае осуществления юридическим лицом аудиторской деятельности руководитель его в обязательном порядке должен иметь лицензию на ведение данной деятельности с правом подписи всех аудиторских заключений.
 
                II. Условия и порядок выдачи лицензии
 
      4. Лицензия на ведение аудиторской деятельности выдается сроком на три года. Для получения лицензии лицензиат представляет в Департамент следующие документы:
      1) заявление на ее получение по форме, утвержденной Правительством Республики Казахстан;
      2) копию документа, подтверждающего уплату лицензионного сбора;
      3) свидетельство о государственной регистрации юридического лица (если физическое лицо, претендующее на получение лицензии, является его руководителем);
      4) квалификационное свидетельство Квалификационной комиссии Министерства финансов Республики Казахстан.
      Все документы, представленные для получения лицензии, регистрируются Департаментом.
      Требовать от лицензиата представления документов, не предусмотренных настоящим Положением, запрещается.
      5. До принятия решения о выдаче или отказе в выдаче лицензии НКБУ рассматривает представленные с заявлением материалы с оценкой их полноты и достоверности, соответствия условий ведения лицензируемого вида деятельности требованиям, установленным для него в нормативных правовых актах.
      6. Решение о выдаче или об отказе в выдаче лицензии принимается в течение 30 дней со дня получения заявления со всеми необходимыми документами.
      Уведомление об отказе в выдаче лицензии представляется заявителю в письменной форме, с указанием причин отказа.
      7. В лицензии указываются:
      наименование органа, выдавшего лицензию;
      для физических лиц - фамилия, имя, отчество, паспортные данные (серия, номер, кем и когда выдан, место жительства);
      срок действия лицензии;
      условия осуществления аудиторской деятельности;
      регистрационный номер лицензии и дата выдачи.
      8. Продление срока действия лицензии производится в порядке, установленном для ее получения.
      9. Передача лицензии другому физическому лицу запрещается.
      10. При прекращении действия свидетельства о государственной регистрации физического лица в качестве предпринимателя выданная лицензия теряет юридическую силу.
      11. Лицензия подписывается руководителем лицензионного органа и заверяется печатью этого органа.
      12. Лицензия может быть отозвана в судебном порядке, если иное не предусмотрено законодательными актами в случаях:
      неисполнения лицензиатом требований, содержащихся в лицензии;
      запрещения судом лицензиату заниматься тем видом деятельности, на осуществление которого он обладает лицензией;
      неустранения причин, по которым лицензиар приостановил действие лицензии.
      13. Лицензиар вправе приостановить действие лицензии на срок до шести месяцев с указанием причин приостановления. Решение о приостановлении, возобновлении принимаются лицензиаром. Лицензиар в 3-дневный срок со дня принятия решения о приостановлении, возобновлении в письменной форме уведомляет об этом лицензиата и органы налоговой службы Республики Казахстан.
      Действие лицензии приостанавливается, возобновляется со дня получения указанного уведомления.
      После устранения причин, по которым действие лицензии было приостановлено, лицензия возобновляется.
      14. Решения и действия лицензионного органа могут быть обжалованы в соответствии с действующим законодательством.
      15. Должностные лица Департамента, лицензиаты несут ответственность за нарушение или ненадлежащее исполнение требований настоящего Положения и установленного порядка лицензионной деятельности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      16. Бланки лицензий имеют степень защищенности на уровне ценной бумаги на предъявителя, а также учетную серию и номер и являются документами строгой отчетности. Приобретение, учет и хранение бланков лицензий осуществляются Департаментом.
      17. Лицензия на ведение аудиторской деятельности действительна на территории Республики Казахстан. В случае утери лицензии выдается дубликат лицензии.
 

                                        Утверждены



                               постановлением Правительства

                                   Республики Казахстан

                                от 27 февраля 1997 г. N 274



 
 
              Квалификационные требования к лицензированию
                       аудиторской деятельности
 
      1. Для получения лицензии на ведение аудиторской деятельности физическое лицо должно отвечать следующим требованиям:
      1) наличие непрерывного стажа работы в последние пять лет, в том числе:
      практической бухгалтерской деятельности (бухгалтером, аудитором, бухгалтером-ревизором или приравниваемых к ним профессиям),
      или научно-преподавательской деятельности по бухгалтерскому учету и аудиту в высших экономических учебных заведениях, совмещенной с практической бухгалтерской деятельностью в течение не менее двух лет,
      или совокупного стажа работы, состоящего из практической бухгалтерской деятельности (не менее двух лет) и преподавательской работы по бухгалтерское учету и аудиту в высших экономических учебных заведениях;
      2) наличие квалификационного свидетельства Квалификационной комиссии при Министерстве финансов Республики Казахстан.
      2. Лицо, владеющее лицензией, в целях повышения своего профессионального уровня согласно правилам, установленным НКБУ, ежегодно проходит обучение в системе непрерывного профессионального образования и каждые три года сдает квалификационный экзамен.