Судьяларды және олардың мүлкiн мiндеттi мемлекеттiк сақтандырудың, оларға медициналық қызмет көрсету мен санаторий-курорттық емдеудiң тәртiбi мен шарттары туралы Ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 19 наурыз N 365 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 наурыздағы № 102 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.03.2022 № 102 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20 желтоқсандағы N 2694 Конституциялық күшi бар Жарлығын (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 23, 147-құжат) iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

      Судьяларды және олардың мүлкiн мiндеттi мемлекеттiк сақтандырудың, оларға медициналық қызмет көрсету мен санаторий-курорттық емдеудiң тәртiбi мен шарттары туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi



  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 19 наурыздағы
N 365 қаулысымен
бекiтiлген

Судьяларды және олардың мүлкiн мiндеттi мемлекеттiк
сақтандырудың, оларға медициналық қызмет көрсету мен
санаторий-курорттық емдеудiң тәртiбi мен шарттары туралы
ЕРЕЖЕ
I. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже судьяларды және олардың мүлкiн мiндеттi мемлекеттiк сақтандыру, оларға медициналық қызмет көрсету мен санаторий-курорттық емдеу мәселелерiн реттейдi.

      2. Судьяларды, олардың мүлкiн мiндеттi мемлекеттiк сақтандыру, медициналық сақтандыру қызметi туралы заңдардың негiзiнде республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

II. Судьяларды мiндеттi мемлекеттiк жеке сақтандыру

      3. Қазақстан Республикасының барлық соттарының судьялары мiндеттi мемлекеттiк сақтандыру субъектiлерi болып табылады.

      4. Қызметтiк мiндеттерiн орындауға байланысты (жұмысқа бару және жұмыстан қайту уақытын қоса алғанда) денсаулығына келтiрiлген зиян салдарынан еңбек қабiлетiнен толық немесе iшiнара айрылған судьялардың сақтандыру сомасын алуға құқығы бар, оның мөлшерi мүгедектiк тобына қарай белгiленедi.

      5. Келтiрiлген залалды өтеу - денсаулығына келтiрiлген зиян салдарынан кәсiби еңбек қабiлетiнен айырылу дәрежесiне қарай сақтандыру сомаларын төлеуден тұрады. Қосымша шығыстарды өтеу - қолданылып жүрген заңға сәйкес жүргiзiледi.

      6. Қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты судьялардың өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянның дәлелi: куәлардың көрсетулерi, жұмыстағы бақытсыз оқиға туралы акт; сот үкiмi, шешiмi, прокурор мен тергеу органдарының қаулысы; еңбек қорғау жағдайын және еңбек туралы заңдардың сақталуына бақылау мен қадағалауды жүзеге асырушы лауазымды адамдардың (органдардың) денсаулығының зақымдану себептерi туралы қорытындылары; зиян келтiру фактiсi жөнiндегi медициналық қорытынды; лауазымды адамдарға әкiмшiлiк немесе тәртiптiк жаза белгiлеу туралы шешiм мен басқа да құжаттар бола алады.

      7. Қызметтiк мiндеттерiн орындау барысында денсаулығына келтiрiлген зиян салдарынан судьялардың кәсiби еңбек қабiлетiнен айрылу дәрежесiн халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшесi айқындайды.

      Кәсiби еңбек қабiлетiнен айрылу дәрежесiн айқындаумен бiр уақытта негiздер бар болса, тиiстi мүгедектiк тобы белгiленедi.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 28.06.2002 N 703 қаулысымен.

      8. Сақтандырудың осы түрi бойынша сақтандыру төлемдерi Қазақстан Республикасы сақтандыру ұйымдарының есеп айырысу шоттары арқылы жүзеге асырылады.

      Ағымдағы жылы сақтандыру сомаларын төлеуге пайдаланылмаған сақтандыру төлемдерi сақтандыру ұйымының iсiн жүргiзуге кеткен шығыстар шегерiлiп, республикалық бюджеттiң кiрiсiне аударылады.

      9. Сақтандыру сомаларын төлеу ол сақтандыру оқиғасы бойынша бұрын төленген сомалар шегерiлiп жүргiзiледi.

      10. Судьяларды мiндеттi мемлекеттiк сақтандыру жөнiндегi сақтандыру оқиғалары:

      қызметтiк мiндеттерiн орындау барысында судьяның апаты (өлiмi);

      қызметтiк мiндеттерiн орындауға байланысты судьяның еңбек қабiлетiнен мүгедектiгi белгiленiп, тұрақты айырылуы болып табылады.

      11. Мiндеттi мемлекеттiк сақтандыру бойынша сақтандыру сомалары ерiктi қосымша зейнеткерлiк сақтандыру бойынша, сондай-ақ жеке сақтандырудың басқа кез-келген түрi бойынша төленген сомаларға қарамастан төленедi.

      12. Судья апат (қайтыс) болған жағдайда асырауындағылар мен мұрагерлердiң зиянды өтеудi талап етуге құқы бар.

      13. Сақтандыру сомаларын төлеу:

      судьяларға - мүгедектiгi белгiленген күннен бастап;

      судьяның қайтыс болуына байланысты сақтандыру сомаларын алуға құқығы бар адамдарға осындай құқық алған күннен бастап жүргiзiледi.

      14. Судьяның еңбек қабiлетiнен айырылу дәрежесi өзгерген жағдайда, залалды өтеуге төленетiн сомалар қайта есептеледi.

      15. Зиянды өтеуге тағайындалған, бiрақ уақытында алынбаған сома өткен уақыт үшiн, бiрақ оны алуға жүгiнген күннен бастап үш жылдан аспайтын уақыт үшiн төленедi.

      16. Ұйымдардың сақтандыру жарналарын төлемеуi немесе уақтылы төлемеуi судьяны сақтандыру сомаларымен қамсыздандыру құқығынан айырмайды.

III. Судьялардың мүлкiн мiндеттi мемлекеттiк сақтандыру

      17. Судьяларға жеке меншiк құқығы бойынша тиесiлi мүлiктiң сақтандырылуы үшiншi адамдардың заңсыз әрекеттерi нәтижесiнде оның ұрлануы, жойылуы немесе бүлiнуi болған жағдайда жүргiзiледi.

      Жоғарыда аталған оқиғалар бұдан әрi сақтандыру жағдайлары деп аталады.

      18. Судьяға жеке меншiк құқығы бойынша тиесiлi:

      жылжымайтын мүлiк;

      көлiк құралдары (автомобильдер, мотоциклдер);

      үй малы;

      жеке тұрғын үй құрылысы немесе ұжымдық бау-бақша шаруашылығы үшiн судьяға бөлiнген жер учаскесiнде жатқан және тұрғын үй, саяжай үшiн және шаруашылық құрылыстарын салуға арналған құрылыс материалдары;

      құнды заттар, үй жабдығы, тұрмыстағы және қолданыстағы заттар сақтандырылуға қабылданады.

      19. Мүлiктi сақтандыру құжаттарға, бағалы қағаздарға, ақша белгiлерiне, қолжазбаларға, слайдтар мен фотосуреттерге, үй өсiмдiктерiне қолданылмайды.

      20. Қазақстан Республикасы аумағының шегiнде судьяның орын ауыстыруына байланысты мүлiк темiржол, автомобиль және көлiктiң басқа да түрлерiмен тасымалданған кезде де сақтандырылған болып есептеледi.

      21. Судья тұрақты тұратын жерiн ауыстырған кезде осыған байланысты көшiрiлген мүлiк жаңа тұратын жерi бойынша сақтандырылған болып есептеледi.

      22. Сақтандыру сомасы мүлiктiң нарықтық құнының шегiнде (оның тозуын есепке ала отырып) барлық мүлiкке ортақ белгiленедi.

      23. Судьяның мүлкi, жазбаша өтiнiш негiзiнде, осы адамның судья лауазымында немесе отставкада екендiгi туралы Жоғарғы Сот, облыстық және оларға теңестiрiлген сот немесе әдiлет басқармасы тиiсiнше жазбаша растағаннан кейiн сақтандырылуға тиiс.

      24. Мүлкi сақтандырылуға жататын судьяның және сақтандыру өкiлiнiң қатысуымен сақтандырылатын мүлiктiң сомасына қарай мүлiктi тексерiп немесе тексермей сақтандырылады.

      25. Судьяның тұрақты тұратын жерiндегi мөлшерi айлық есептi көрсеткiштiң екi жүз есеге дейiнгi сомадағы мүлкi және айлық есептi көрсеткiштiң жүз есеге дейiнгi мөлшерiндегi сомаға саяжайдағы немесе жазғы бақ үйiндегi мүлкi сақтандырушы өкiлiнiң шешуi бойынша тексерусiз аталған сомадан көп болғанда - мүлiк мiндеттi тексерумен сақтандырылуы мүмкiн. Судьяның қатысуымен тексерген жағдайда ол мәлiмдеген сақтандыру соманың қолда бар мүлiкке және оның құнына онымен сәйкестiгi тексерiледi.

      26. Сақтандыру полисi судьяға мүлiктi сақтандырған күннен бастап 10 күн мерзiмнен кешiктiрмей тапсырылады.

      27. Сақтандыру полисi жоғалған жағдайда сақтандырушы судьяға оның жазбаша өтiнiшiнiң негiзiнде полистiң дубликатын бередi.

      28. Судьялардың мүлкiн мiндеттi мемлекеттiк сақтандыру судьяның лауазымда болған және отставкадағы бүкiл кезеңiнде сақталады.

      29. Сақтандыру оқиғасы болған кезде судья:

      үшiншi адамдардың бiле тұра заңсыз әрекеттерiнiң нәтижесiнде мүлiк ұрлаған, жойылған немесе бүлiнген жағдайда бұл жөнiнде милиция органдарына, өрт болған жағдайда өрт қадағалау органдарына, жарылыс немесе апат болған жағдайда - апат қызметiнiң тиiстi органдарына хабарлауға және сақтандырушыға жазбаша өтiнiш беруге тиiс.

      Өтiнiште:

      сақтандырылған мүлiктiң қашан, қай жерде және қандай жағдайда жойылғаны, бүлдiрiлгенi немесе ұрланғаны, бұл жөнiнде қандай құзыреттi органдарға хабарлағаны егжей-тегжейлi көрсетiлуi керек;

      сақтандырушыдан алған нысанда жойылған, бүлдiрiлген немесе ұрланған мүлiктiң тiзбесiн жасауы;

      сақтандырушы өкiлi оқиға болған жерге келгенше бүлiнген заттарды, тiзбеге енгiзiлген немесе олардан қалған қалдықтарды сақтап, акт жасау кезiнде тексеру үшiн оларды ұсынуы қажет.

      Судья болмаған жағдайда жоғарыда аталған iс-әрекеттердi оның отбасының кәмелетке толған мүшесi орындауға тиiс.

      30. Сақтандырушы сақтандыру оқиғасы туралы өтiнiш алғаннан кейiн 3 күн мерзiм iшiнде белгiленген нысан бойынша акт жасайды.

      Акт судьяның (немесе оның кәмелетке толған отбасы мүшесiнiң) және куәлардың мiндеттi қатысуымен жасалады.

      Акт жасауға қатысуға тиiстi маман, ал тұрғын үй-коммуналдық кәсiпорындардың кiнәсiнен жылу, сумен қамтамасыз ету немесе канализация жүйелерiндегi апат болған жағдайда - осы ұйымдардың өкiлi шақырылады.

      31. Зиянның мөлшерiн сақтандырушы сақтандырылған мүлiктiң жойылған, бүлiнген немесе ұрланған орны, уақыты, себебi мен өзге де жағдайлары туралы құзыреттi органдардан (гидрометқызмет, өртқадағалау, авариялық қызмет, сот, тергеу органдары және т.б.) алған құжаттары ескере отырып, жасалған актiнiң негiзiнде белгiлейдi.

      Егер сақтандыру оқиғасының болған фактiсi (олар бойынша қылмыстық iс қозғалған жағдайларды қоспағанда) акт жасалған кезде анықталатын болса немесе зиянның мөлшерi жиырма бес есе айлық есептi көрсеткiшiнен аспаса, онда құзыреттi органдардан ешқандай құжат сұратылмайды.

      32. Зиян болып мыналар есептеледi:

      мүлiк жойылған немесе ұрланған жағдайда - осы мүлiк негiзделiп сақтандырылуға алынған бағалар бойынша белгiленетiн оның нарықтық құны, ал барлық мүлiк толық жойылғанда - мүлiктi сақтандыру кезiнде көрсетiлген сақтандыру сомасы;

      мүлiк бүлiнгенде - оның нарықтық құны мен бүлiнгеннен кейiнгi құнының арасындағы айырма, яғни арзандату сомасы.

      33. Егер бүлiнген затты жөндеу арқылы мақсатына сай пайдалануға жарамды күйге келтiруге болса, онда зиян болып осы затты жөндеу құны есептеледi.

      Жөндеу құны нарықтық бағалар бойынша, ал егер ол мүмкiн болмаса, тиiстi ұйымдар азаматтардан алу үшiн белгiлеген бағалар (тарифтер) бойынша есептеледi.

      Жөндеу құны заттың қолданылып жүрген нарықтық құнынан аспайтын соманың шегiнде ғана зиян болып танылады.

      34. Егер қолданылып жүрген ережелер бойынша жасаушы ұйым немесе тиiстi жөндеу кәсiпорны тегiн не абонемент төлемдерi есебiнен айырбастап немесе жөндеп беруге мiндеттi болса, кепiлдiк немесе абонементтiк (шарттық) қызмет көрсетуде тұрған телевизорлар мен тоңазытқыштарды айырбастау немесе жөндеу құны зиян болып танылмайды.

      35. Мүлiктiң тозу процентi комиссиялық түрде айқындалады.

      36. Судьяның пәтерiн (тұрғын үйiн) жөндеу құны да зиян болып танылады. Мұндай пәтердi (тұрғын немесе жеке қосалқы жайларды) әрлеу және жабдықтау элементтерi есепке алынады.

      Жөндеу құны нарықтық бағалар бойынша, ал егер ол мүмкiн болмаса - азаматтардың тиiстi жұмыстарға ақы төлеуi үшiн белгiленген бағалар бойынша айқындалады.

      37. Зиянның сомасына, егер бұл шығыстар қажеттi болып танылса, сақтандыру оқиғасының басталуына байланысты мүлiктi құтқару және оны қалпына келтiру жөнiндегi шығыстар да қосылады.

      Аталған шығыстардың мөлшерi нарықтық бағалар бойынша, ал егер ол мүмкiн болмаса - азаматтардың тиiстi жұмыстарға (қызмет көрсетуге) ақы төлеуi үшiн белгiленген бағалар (тарифтер) бойынша есептеледi.

      Егер мүлiктiң кейбiр жойылған, бүлiнген немесе ұрланған заттарына қолданылатын нарықтық бағалар болмаса, онда зиянның мөлшерi акт жасалған күнi бiртектi (ұқсас) заттарға жарияланған, қолданылып жүрген нарықтық бағаларға қарай белгiленедi.

      38. Сақтандыру өтемi зиянның мөлшерiнде төленедi, бiрақ ол сақтандыру сомасынан артық болмайды; пәтердiң әрлеу және жабдықтау элементтерi зақымданғанда оларды жөндеудiң нақты құны жалпы сақтандыру сомасының 20% шегiнде өтеледi.

      Көлiк ұйымы жарияланған құнымен жүк ретiнде тасымалдауға қабылдаған үй мүлкi жойылған (қалдықсыз) немесе ұрланған кезде, нақты зиян үшiн төленетiн сақтандыру өтемi осы жүктiң жарияланған құнының сомасынан артық бола алмайды.

      Iшкi iстер органдары сигнализация құралдарының көмегi мен күзетуге алған мүлiк ұрланғанда нақты зиян үшiн сақтандыру өтемi, одан сақтандырылған болып есептелмеген ұрланған заттардың құнын алып тастап, судьяның iшкi iстер органдарынан алған сомасын шегере отырып төленедi.

      39. Егер сақтандырылған судья (немесе оның отбасының кәмелетке толған мүшесi) сақтандыру өтемiнiң мөлшерiн көбейту мақсатында жойылған, бүлiнген немесе ұрланған үй мүлкiнiң оған берiлген тiзбесiне шын мәнiнде жойылмаған, бүлiнбеген, немесе ұрланбаған заттарды әдейi қосқаны айқындалса, онда iстiң мән-жайына қарай сақтандырушы тиесiлi сақтандыру өтемiнiң мөлшерiн 50%-ке дейiн төмендету туралы шешiм қабылдай алады.

      40. Сақтандырушы сақтандыру өтемiн барлық қажеттi құжаттарда алғаннан кейiн 7 күн мерзiмде төлейдi. Сақтандыру ұйымының кiнәсiнен төлемдердiң кешiктiрiлген әрбiр күнi үшiн заңдармен белгiленген мөлшерде өсiм төленедi.

      Бұл ретте қылмыстық iс қозғалған мүлiктi жою, бүлдiру немесе ұрлау фактiлерi бойынша төлем, егер судьяның немесе оның отбасы мүшесiнiң кiнәлi адам болып табылмайтындығы айқындалған болса, сондай-ақ егер зиянның мөлшерi қырық бес есе ең төменгi айлық есептi көрсеткiштен аспаса, тергеу барысында (iстi сотқа бергенге дейiн) жасалады.

      Iс бойынша мүлкi сақтандырылған судья, немесе оның отбасының мүшесi айыпкер болып табылған жағдайда, сақтандыру өтемiн төлеу немесе төлеуден бас тарту мәселе сақтандырушы ұйым соттың үкiмiн (шешiмiн) алғаннан кейiн шешiледi.

      41. Сақтандыру өтемi судьяға төленедi. Оның қалауы бойынша төлем атаулы чек беру, салымына ақша аудару жолымен, нақты ақшамен немесе белгiленген тәртiпте почтамен ақша аудару арқылы жасалуы мүмкiн.

      Судья қайтыс болған жағдайда сақтандыру төлемi оның мұрагерлерiне төленедi.

      42. Егер судья (немесе оның отбасының мүшесi) мүмкiншiлiгi бола тұра, сақтандырылған мүлiктiң жойылғаны немесе бүлiнгенi туралы белгiленген тәртiп пен мерзiмде мәлiмдемесе, сақтандырушының сақтандыру өтемiн беруден бас тартуға құқығы бар.

      Егер арыз беру тәртiбi мен мерзiмiн бұзуға байланысты мүлiктiң жойылу немесе бүлiну фактiсi мен себебiн анықтау не келтiрiлген зиянның мөлшерiн белгiлеу мүмкiн болмаса, сақтандырушы мұндай тәртiп бұзуға байланысты сақтандыру өтемiн төлеуден бас тарту туралы шешiм қабылдауы мүмкiн.

      43. Сақтандыру өтемi, егер:

      сақтандыру оқиғасы судьяның немесе оның отбасы мүшесiнiң қасақана әрекеттерiнiң салдары болып табылса не зиян тергеу органдары немесе сот қасақана қылмыс белгiлерiн айқындаған олардың әрекеттерiмен келтiрiлсе;

      мүлiктi ұрлау (ұрлауға әрекет жасау), оның үшiншi адамдардың заңсыз әрекеттерi нәтижесiнде жойылғаны немесе бүлдiрiлгенi туралы жауап алу және тергеу органдарына мәлiмделiнбесе, сондай-ақ егер бұл фактiнi жауап алу және тергеу органдары растамаса;

      заттардың қалдықсыз жойылуы мүмкiн реттердi қоспағанда, бүлiнген заттар немесе олардың қалдықтары көрсетiлмесе төленбейдi.

      Судьяның немесе оның отбасы мүшесiнiң әрекеттерiнде қасақана ниеттiң болуы, сондай-ақ олардың әрекеттерiндегi қасақана қылмыс белгiлерi сот немесе осы жағдай бойынша тергеу жүргiзген тиiстi құзыреттi органдар құжатының негiзiнде белгiленедi.

      44. Егер зиян толық өтелсе, судья сақтандыру өтемiне деген құқығынан айырылады. Егер зиян iшiнара және келтiрiлген сақтандыру өтемiнен кем өтелсе, онда ол келтiрiлген зиян үшiн судьяның жауапты адамнан алған сомасын ескере отырып төленедi.

      45. Егер акт жасау (зиянның көлемiн анықтау) мен сақтандыру өтемiн төлеу күнi аралығындағы кезеңде жойылған, бүлiнген немесе ұрланған заттарға деген қолданылып жүрген нарықтық бағалар өзгерсе (төмендесе немесе көтерiлсе), онда сақтандыру өтемi, судьяның бағалауы бойынша сақтандырылған заттарды қоспағанда, олардың жаңа құны бойынша төленедi.

      46. Егер ұрланған зат судьяға қайтарылса, онда ол қайтарылған затты жөндетуге немесе қалпына келтiруге шыққан шығыстарды шегере отырып, осы зат үшiн алған сақтандыру өтемiн сақтандырушыға қайтаруға немесе оны белгiленген тәртiпте сақтауы үшiн сақтандырушыға өткiзуге мiндеттi.

      47. Сақтандыру өтемiн төлеген сақтандырушыға төлеген соманың шегiнде келтiрiлген зиян үшiн жауапты адамға қарсы талап қою құқығы ауысады.

      48. Судьялардың талаптарын (наразылықтарын) сақтандырушы ұйым немесе сот қарайды.

      49. Тараптардың осы Ережемен көзделмеген басқа қатынастары қолданылып жүрген заңдармен реттеледi.

IV. Судьялар мен олардың отбасы мүшелерiне
медициналық көмек көрсету туралы

      50. Қазақстан Республикасы соттарының барлық судьяларына, сондай-ақ олардың бiрге тұратын отбасы мүшелерiне мемлекеттiк емдеу-профилактикалық мекемелерде медициналық қызмет көрсетiледi. Тiркелген мемлекеттiк денсаулық сақтау мекемелерiнде медициналық қызметтi пайдалану құқығы отставкаға, жасы немесе мүгедектiгi бойынша зейнеткерлiкке шығуына байланысты сот жұмысын тоқтатқан адамдарда, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiнде сақталады.

      51. Судьялар мен олардың отбасы мүшелерi медициналық қамсыздандыру үшiн өздерiнiң таңдауы бойынша аумақтық (орталық, облыстық, қалалық, аудандық) ауруханалар мен емханаларға тiркеледi.

      52. Судьяларға медициналық қызмет көрсетудi жүзеге асыру үшiн Жоғарғы Сот, облыстық және оларға теңестiрiлген соттар, әдiлет басқармалары тиiстi емдеу-профилактикалық мекемелерге судьялар мен олардың отбасы мүшелерiнiң жыл сайын жаңартылып отыратын тiзiмдерiн бередi.

      53. Үлкендер мен балаларға көрсетiлетiн жедел және кiдiрiссiз медициналық көмек, сондай-ақ шығыс стационарлық көмек халыққа көрсетiлетiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiне және мiндеттi медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасына сәйкес көрсетiледi.

      54. Мемлекеттiк емдеу-профилактикалық мекемелерде судьялар мен олардың отбасы мүшелерiне көрсетiлетiн медициналық қызмет үшiн ақы төлеу қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүргiзiледi.

      55. Мемлекеттiк емдеу-профилактикалық мекемелерде судьялар мен олардың отбасы мүшелерiне медициналық қызмет көрсетуге байланысты даулар заңдарда белгiленген тәртiппен шешiледi.

V. Қазақстан Республикасы соттарының
судьяларын санаторий-курорттық емдеу

      56. Қазақстан Республикасы соттарының судьялары олардың қалауы бойынша санаторийлер мен демалыс үйлерiне жолдамалармен қамтамасыз етiледi.

      Ескерту. 56-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.07.16. N 789 қаулысымен.

      57. Судьяларға кезектi еңбек демалысына шыққан кезде сауығу үшiн айлық жалақының екi еселенген мөлшерiнде жәрдем ақы төленедi.

      Ескерту. 57-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.07.16. N 789 қаулысымен.
      58. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.07.16. N 789 қаулысымен.

Об утверждении Положения о порядке и условиях обязательного государственного страхования судей и их имущества, медицинского обслуживания и санаторно-курортного лечения

Постановление Правительства Республики Казахстан от 19 марта 1997 г. N 365. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 марта 2022 года № 102.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 02.03.2022 № 102 (вводится в действие со дня его подписания и подлежит официальному опубликованию).

      В целях реализации Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу Конституционного закона, от 20 декабря 1995 г. N 2694 "О судах и статусе судей в Республике Казахстан" (Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1995 г., N 23, ст. 147) Правительство Республики Казахстан постановляет:

      Утвердить прилагаемое Положение о порядке и условиях обязательного государственного страхования судей и их имущества, медицинского обслуживания и санаторно-курортного лечения.

      Премьер-Министр

      Республики Казахстан

  УТВЕРЖДЕНО
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 19 марта 1997 г. N 365
 
 

Положение
о порядке и условиях обязательного государственного
страхования судей и их имущества, медицинского
обслуживания и санаторно-курортного лечения

      I. Общие положения

     

      1. Настоящее Положение регулирует вопросы обязательного государственного страхования судей и их имущества, медицинского обслуживания и санаторно-курортного лечения.

      2. Обязательное государственное страхование судей, их имущества и медицинское страхование осуществляются на основании законодательства о страховой деятельности и за счет средств республиканского бюджета.

     

      II. Обязательное государственное личное

      страхование судей

     

      3. Субъектами обязательного государственного страхования являются судьи всех судов Республики Казахстан.

      4. Право на получение страховой суммы имеют судьи, утратившие полностью или частично трудоспособность вследствие причинения вреда здоровью, связанного с выполнением служебных обязанностей (включая время следования к месту работы и с работы), размер которой устанавливается в зависимости от группы инвалидности.

      5. Возмещение причиненного вреда состоит в выплате страховых сумм в зависимости от степени утраты профессиональной трудоспособности вследствие причиненного вреда здоровью. Компенсация дополнительных расходов производится в соответствии с действующим законодательством.

      6. Доказательством причинения вреда жизни и здоровью судей, связанного с выполнением служебных обязанностей, могут служить: показания свидетелей, акт о несчастном случае на работе; приговор, решение суда, постановление прокурора и следственных органов; заключения о причинах повреждения здоровья должностных лиц (органов), осуществляющих контроль и надзор за состоянием охраны труда и соблюдением законодательства о труде; медицинское заключение по факту причинения вреда; решение о наложении административного или дисциплинарного взыскания на должностных лиц и другие документы.

      7. Степень утраты профессиональной трудоспособности судей вследствие причинения вреда здоровью при выполнении служебных обязанностей определяется территориальным подразделением центрального исполнительного органа в области социальной защиты населения.

      Одновременно с определением степени утраты профессиональной трудоспособности при наличии оснований устанавливается соответствующая группа инвалидности.

      Сноска. В пункт 7 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 28 июня 2002 г. N 703.

      8. Страховые платежи по данному виду страхования осуществляются через расчетные счета страховых организаций Республики Казахстан.

      Страховые платежи, не использованные в текущем году на выплату страховых сумм, перечисляются в доход республиканского бюджета за вычетом расходов на ведение дела страховой организации.

      9. Выплата страховых сумм производится за вычетом ранее выплаченных сумм по тому же страховому событию.

      10. Страховыми случаями по обязательному государственному страхованию судей являются:

      гибель (смерть) судьи при исполнении служебных обязанностей;

      утрата судьей трудоспособности в связи с исполнением служебных обязанностей с установлением инвалидности.

      11. Страховая сумма по государственному обязательному страхованию выплачивается, независимо от выплаты сумм по добровольному дополнительному пенсионному страхованию, а также полюбым другим видам личного страхования.

      12. В случае гибели (смерти) судьи право требовать возмещенияущерба имеют иждивенцы и наследники.

      13. Выплата страховых сумм производится:

      судьям - со дня установления инвалидности;

      лицам, имеющим право на получение страховых сумм в связи сосмертью судьи со дня приобретения этого права.

      14. В случае изменения степени утраты трудоспособности судьипроизводится перерасчет сумм, выплачиваемых в возмещение ущерба.

      15. Выплата суммы возмещения вреда, назначенной, но неполученной своевременно, производится за прошедшее время, но не более чем за три года со дня обращения за ее получением.

      16. Неуплата или несвоевременная уплата организацией страховыхвзносов не лишает судью права на обеспечение страховых сумм.

      III. Обязательное государственное страхование

      имущества судей

      17. Страхование имущества, принадлежащего судьям на праве частной собственности, проводится на случай его похищения, уничтожения или повреждения в результате неправомерных действийтретьих лиц.

      Указанные выше события в дальнейшем именуются страховымислучаями.

      18. На страхование принимаются принадлежащие судье на правечастной собственности:

      недвижимое имущество;

      транспортные средства (автомобили, мотоциклы);

      домашний скот;

      строительные материалы, находящиеся на земельном участке,выделенном судье для индивидуального жилищного строительства или подколлективное садоводство, и предназначенные для строительства жилогодома, садового домика и хозяйственных построек;

      ценности, предметы домашней обстановки, обихода и потребления.

      19. Страхование имущества не распространяется на документы,ценные бумаги, денежные знаки, рукописи, слайды и фотоснимки,комнатные растения.

      20. Имущество считается застрахованным также на время его перевозки железнодорожным, автомобильным и другими видами транспорта в связи с перемещением судей в пределах территории Республики Казахстан.

      21. При перемене судьей постоянного места жительства перемещенное в связи с этим имущество считается застрахованным по новому месту жительства.

      22. На все имущество в целом страховая сумма устанавливается в пределах рыночной стоимости имущества (с учетом его износа).

      23. Имущество судьи должно быть застраховано на основании письменного заявления, после письменного подтверждения соответственно Верховным Судом, областным и приравненным к ним судом или управлением юстиции о нахождении данного лица на должности судьи или в отставке.

      24. Имущество страхуется с участием судьи, имущество которого подлежит страхованию, и представителя страховщика, с осмотром или без осмотра имущества в зависимости от суммы страхуемого имущества.

      25. Имущество судьи на сумму в размере до двухсоткратного месячного расчетного показателя, находящееся по постоянному месту его жительства, и имущество на даче или в летнем садовом домике на сумму в размере до стократного месячного расчетного показателя по усмотрению представителя страховщика может быть застраховано без осмотра, вышеуказанной суммы с обязательным осмотром имущества. При осмотре в присутствии судьи проверяется соответствие заявленной им страховой суммы наличию и стоимости имущества.

      26. Страховой полис вручается судье не позднее чем в 10-дневный срок со дня страхования имущества.

      27. В случае утраты страхового полиса страховщик выдает судье на основании его письменного заявления дубликат полиса.

      28. Обязательное государственное страхование имущества судей сохраняется на весь период нахождения в должности судьи и в отставке.

      29. При наступлении страхового случая судья должен:

      в случае похищения имущества, уничтожения или повреждения его в результате преднамеренных неправомерных действий третьих лиц заявить об этом в органы милиции, при пожаре - в органы пожарного надзора, при взрыве или аварии - в соответствующие органы аварийной службы и обратиться с письменным заявлением к страховщику.

      В заявлении необходимо подробно указать:

      когда, где и при каких обстоятельствах уничтожено, повреждено или похищено застрахованное имущество, в какие компетентные органы об этом заявлено;

      составить перечень уничтоженного, поврежденного или похищенного имущества по форме, полученной у страховщика;

      сохранить до прибытия на место представителя страховщика поврежденные предметы, включенные в перечень, или имеющиеся остатки от них и предъявить их для осмотра при составлении акта.

      При отсутствии судьи указанные выше действия должны быть выполнены совершеннолетним членом его семьи.

      30. Страховщик после получения заявления о страховом случае в 3-дневный срок составляет акт по установленной форме.

      Акт составляется при обязательном участии судьи (или совершеннолетнего члена его семьи) и свидетелей.

      Для участия в составлении акта может быть приглашен соответствующий специалист, а при аварии систем отопления, водоснабжения или канализации по вине жилищно-коммунальных предприятий - представитель этих организаций.

      31. Размер ущерба определяется страховщиком на основании составленного акта с учетом документов, полученных от компетентных органов (гидрометслужбы, пожарного надзора, аварийной службы, суда, следственных органов и др.), о месте, времени, причине и иных обстоятельствах уничтожения, повреждения или похищения застрахованного имущества.

      Если факт наступления страхового случая (кроме случаев, по которым возбуждено уголовное дело) может быть установлен при составлении акта или размер ущерба не превышает двадцатипятикратного месячного расчетного показателя, то никакие документы от компетентных органов не запрашиваются.

      32. Ущербом считается:

      в случае уничтожения или похищения имущества - его рыночная стоимость, определяемая по ценам, исходя из которых это имущество принято на страхование, а при полном уничтожении всего имущества - страховая сумма, указанная при страховании имущества;

      при повреждении имущества - разница между его рыночной стоимостью и стоимостью после повреждения, то есть сумма уценки.

      33. Если поврежденный предмет можно путем ремонта привести в состояние, пригодное для использования по назначению, то ущербом считается стоимость ремонта этого предмета.

      Стоимость ремонта исчисляется по рыночным ценам, а если это невозможно - по расценкам (тарифам), установленным для взимания с граждан соответствующими организациями.

      Стоимость ремонта признается ущербом только в пределах суммы, не превышающей действующую рыночную стоимость предмета.

      34. Не признается ущербом стоимость замены или ремонта телевизоров и холодильников, состоящих на гарантийном или абонементном (договорном) обслуживании, если по действующим правилам организация-изготовитель или соответствующее ремонтное предприятие обязаны произвести замену или ремонт бесплатно либо в счет абонементных платежей.

      35. Процент износа имущества определяется комиссионно.

      36. Ущербом признается также стоимость ремонта квартиры (жилья) судьи. При этом в расчет принимаются элементы отделки и оборудования квартиры (жилых и индивидуальных подсобных помещений).

      Стоимость ремонта определяется по рыночным ценам, а если это невозможно - по расценкам, установленным для оплаты гражданами соответствующих работ.

      37. В сумму ущерба включаются также расходы по спасению имущества и приведению его в порядок в связи с наступлением страхового случая, если эти расходы признаны необходимыми.

      Размер указанных расходов исчисляется по рыночным ценам, а если это невозможно - по расценкам (тарифам), установленным для оплаты гражданами соответствующих работ (услуг).

      Если на какие-либо уничтоженные, поврежденные или похищенные предметы имущества не имеется действующих рыночных цен, то размер ущерба определяется на день составления акта, исходя из действующих рыночных цен, объявленных на однородные (подобные) предметы.

      38. Страховое возмещение выплачивается в размере ущерба, но не выше страховой суммы; при повреждении элементов отделки и оборудования квартиры фактическая стоимость их ремонта возмещается в пределах 20 процентов общей страховой суммы.

      При уничтожении (без остатков) или похищении домашнего имущества, принятого транспортной организацией к перевозке багажом с объявленной ценностью, страховое возмещение за фактический ущерб не может превышать суммы объявленной ценности данного багажа.

      При похищении имущества, принятого под охрану органами внутренних дел с помощью средств сигнализации, страховое возмещение за фактический ущерб выплачивается за вычетом суммы, полученной судьей от органов внутренних дел, с исключением из нее стоимости похищенных предметов, которые застрахованными не считались.

      39. Если будет установлено, что судья страхователь (или совершеннолетний член его семьи) в целях увеличения размера страхового возмещения преднамеренно включил в представленный им перечень уничтоженного, поврежденного или похищенного домашнего имущества такие предметы, которые фактически не были уничтожены, повреждены или похищены, то страховщик в зависимости от обстоятельств дела может принять решение о снижении размера причитающегося страхового возмещения в пределах до 50 процентов.

      40. Страховое возмещение выплачивается страховщиком в 7-дневный срок после получения всех необходимых документов. За каждый день задержки выплаты по вине страховой организации выплачивается пеня в установленном законодательством размере.

      При этом по фактам уничтожения, повреждения или похищения имущества, по которым возбуждено уголовное дело, выплата производится в ходе расследования (до передачи дела в суд), если установлено, что виновным лицом не является судья или член его семьи, а также если размер ущерба не превышает сорокапятикратного минимального месячного расчетного показателя.

      В случае, когда обвиняемым по делу является судья, имущество которого застраховано, или член его семьи, вопрос о выплате или отказе в выплате страхового возмещения решается после получения страховой организацией приговора (решения) суда.

      41. Страховое возмещение выплачивается судье. По его желанию выплата может быть произведена путем выдачи именного чека, перечисления во вклад, наличными деньгами или почтовым переводом в установленном порядке.

      В случае смерти судьи страховое возмещение выплачивается его наследникам.

      42. Страховщик имеет право отказать в выплате страхового возмещения, если судья (или член его семьи), имея к тому возможность, не заявил в установленном порядке и сроки об уничтожении или повреждении застрахованного имущества.

      Решение об отказе в выплате страхового возмещения в связи с нарушением порядка или срока подачи заявления может быть принято страховщиком, если в результате такого нарушения не представляется возможным установить факт и причину уничтожения или повреждения имущества либо определить размер причиненного ущерба.

      43. Страховое возмещение не выплачивается, если:

      страховой случай явился следствием умышленных действий судьи или члена его семьи либо ущерб причинен их действиями, в которых следственными органами или судом установлены признаки умышленного преступления;

      о похищении (покушении на похищение) имущества, уничтожении или повреждении его в результате неправомерных действий третьих лиц не было заявлено в органы дознания и следствия, а также если этот факт органами дознания и следствия не подтверждается;

      не были предъявлены поврежденные предметы или их остатки, за исключением случаев, когда эти предметы могли быть уничтожены без остатков.

      Наличие умысла в действиях судьи или члена его семьи, а также признаки умышленного преступления в их действиях устанавливаются на основании документа суда или соответствующих компетентных органов, производивших расследование по данному случаю.

      44. Судья теряет право на страховое возмещение, если ущерб полностью возмещен. Если ущерб возмещен частично и менее причитающегося страхового возмещения, то он выплачивается с учетом суммы, полученной судьей от лица, ответственного за причиненный ущерб.

      45. Если в период между составлением акта (определением размера ущерба) и днем выплаты страхового возмещения произошло изменение (снижение или повышение) действующих рыночных цен на предметы, которые были уничтожены, повреждены или похищены, то страховое возмещение выплачивается, исходя из их новой стоимости, кроме предметов, застрахованных по оценке судьи.

      46. Если судье возвращена похищенная вещь, то он обязан вернуть страховщику полученное за эту вещь страховое возмещение, за вычетом понесенных расходов на ремонт или приведение в порядок возвращенной вещи, либо сдать ее страховщику для реализации в установленном порядке.

      47. Страховщику, выплатившему страховое возмещение, переходят в пределах выплаченной суммы право регрессного требования к лицу, ответственному за причиненный ущерб.

      48. Требования (претензии) судей рассматриваются страховой организацией или судом.

      49. Другие отношения сторон, не предусмотренные настоящим Положением, регулируются действующим законодательством.

     

      IV. О медицинском обслуживании судей

      и членов их семей

     

      50. Медицинскому обслуживанию в государственных лечебно-профилактических учреждениях подлежат все судьи судов Республики Казахстан, а также члены их семей, проживающие совместно с ними. Право медицинского обслуживания в прикрепленных государственных учреждениях эдравоохранения сохраняется за лицами, прекратившими судебную работу в связи с уходом в отставку, на пенсию по возрасту или инвалидности, а также членами их семьи.

      51. Судьи и члены семей прикрепляются для медицинского обеспечения по их выбору к территориальным (центральным, областным, городским, районным) больницам и поликлиникам.

      52. Для осуществления медицинского обслуживания судей Верховный Суд, областные и приравненные к ним суды, управления юстиции представляют в соответствующие лечебно-профилактические учреждения ежегодно обновляемые списки судей и членов их семей.

      53. Скорая и неотложная медицинская помощь, а также экстренная стационарная помощь взрослым и детям оказывается в соответствии с гарантированным объемом медицинской помощи и базовой программой обязательного медицинского страхования населения.

      54. Оплата за медицинские услуги, предоставляемые судьям и членам их семей в государственных лечебно-профилактических учреждениях, производится в соответствии с действующим законодательством.

      55. Споры, связанные с оказанием медицинской помощи судьям и членам их семей в государственных лечебно-профилактических учреждениях, разрешаются в установленном законодательством порядке.

     

      V. Санаторно-курортное лечение судей судов

      Республики Казахстан

     

      56. Судьи судов Республики Казахстан, по их желанию обеспечиваются путевками в санатории и дома отдыха.

      Сноска. В пункт 56 внесены изменения - постановлением Правительства Республики Казахстан от 16 июля 2002 года № 789.

      57. Судьям при уходе в очередной трудовой отпуск выплачивается пособие для оздоровления в двукратном размере месячной заработной платы.

      Сноска. В пункт 57 внесены изменения - постановлением Правительства Республики Казахстан от 16 июля 2002 года № 789.
      58. (Пункт 58 исключен - постановлением Правительства Республики Казахстан от 16 июля 2002 года № 789).