Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.03.2022 № 102 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы N 575 Жарлығының 6-тармағының 3) тармақшасын орындау үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрын қабылданған шешiмдерiн қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі |
Қазақстан Республикасы
2002 жылғы 16 шілдедегі
N 789 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
кейбiр шешiмдерiне енгізілетiн өзгерiстер
1. <*>
Ескерту. 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.04.21. N 373 қаулысымен .2. "Судьяларды және олардың мүлкін мiндеттi мемлекеттiк сақтандырудың, оларға медициналық қызмет көрсету мен санаторий-курорттық емдеудiң тәртiбi мен шарттары туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1997 жылғы 19 наурыздағы N 365 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 13, 90-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Судьяларды және олардың мүлкiн мiндеттi мемлекеттiк сақтандырудың, оларға медициналық қызмет көрсету мен санаторий-курорттық емдеудiң тәртiбi мен шарттары туралы ережеде:
56-тармақтағы ", сондай-ақ лауазымынан отставка тәртiбiмен босатылған судьялар," деген сөздер алынып тасталсын;
57-тармақтағы "демалыс орнына және керi қарай Қазақстан Республикасының шегiнде жол жүру құнын төлей отырып," деген сөздер алынып тасталсын;
58-тармақ алынып тасталсын.
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.02.2014 № 129 қаулысымен. (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 16 шілдедегi N 789 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкiметінің
кейбiр шешімдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы
1. "Жалақыға коэффициенттер есептеу үшiн жалақының шектi мөлшерiн жою туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 10 қаңтардағы N 21 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., N 1, 17-құжат).
2. "Жерлеуге арналған жәрдемақының мөлшерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 27 мамырдағы N 466 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., N 21, 341-құжат).
3. "Халықтың табысы аз топтарына мемлекеттiк қолдау жасау жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 8 шiлдедегi N 584 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., N 28, 416-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 15 қарашадағы N 708 қаулысының күшiн Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерiне қолдану туралы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 22 желтоқсандағы N 1062 қаулысы .
5. "Қазақстан Республикасының жоғары төрелiк сотын материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 27 қазандағы N 1067 қаулысы .
6. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi органдары қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақысын көбейту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 5 мамырдағы N 479 қаулысы .
7. "Әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары мен әскери қызметтен және iшкi iстер органдарынан босатылған адамдарға берiлетiн жеңілдiктер (ақшалай өтемақылар) туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 26 мамырдағы N 565 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., N 23, 246-құжат).
8. "Қазақстан Республикасы iшкi iстер, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi органдарының қатардағы және басшы құрамындағы адамдарға ақшалай төлем жасау туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 10 наурыздағы N 239 қаулысы .
9. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1995 жылғы 25 мамырдағы N 189 өкiмi .
10. "Әскери қызметшiлердiң лауазымдық жалақыларына және әскери атақтары бойынша жалақыларына аудандық коэффициенттердi, биiк таулы, шөлейт және сусыз мекендерде жұмыс iстегенi үшiн коэффициенттердi қолдану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 4 қазандағы N 1298 қаулысы.
11. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 9 тамыздағы N 987 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстердiң 10-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 33, 313-құжат).
12. "Әскери қызметшiлердiң, Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң органдары, iшкі iстер органдары қызметкерлерiнiң, әскери және арнайы атақтары жоқ жекелеген санаттағы адамдардың лауазымдық жалақыларын белгiлеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 12 мамырдағы N 1554 қаулысы.
13. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1554 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 28 желтоқсандағы N 1343 қаулысы.