Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. 1996 жылы мамырдың 31-iнде Алматы қаласында қол қойылған
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Герман Федеративтiк
Республикасының Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасының немiс
ұлты азаматтарын қолдау жөнiндегi ынтымақтастық туралы Келiсiм
бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы Iстер министрлiгi Герман
Жағына Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң осы Келісiмдi бекiткенi
туралы хабарласын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен
Германия Федеративтiк Республикасының Үкiметi
арасындағы
Қазақстан Республикасының немiс ұлты
азаматтарын қолдау жөнiндегi ынтымақтастық туралы
КЕЛIСIМ
(ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2000 ж., N 3, 25-құжат)
(1999 жылғы 4 мамырда күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж.,
Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 81 бет)
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Германия Федеративтiк
Республикасының Үкiметi,
адам құқықтары мен негiзгi бостандықтарына, олардың, атап айтқанда, Адам құқығының жалпыға бiрдей декларациясында және басқа да халықаралық құқықтық актiлерде, сондай-ақ Еуропадағы қауiпсiздiк пен ынтымақтастық жөнiндегi ұйымның ережелерi мен мiндеттемелерiнде баяндалғанындай, ешқандай кемсiтушiлiксiз және заң алдындағы толық теңдiкте кепiлдiк беретiн өз берiк шешiмi туралы мәлiмдей отырып,
Уағдаласушы Тараптардың арасындағы кең ынтымақтастық үшiн мүмкiндiк беретiн 1992 жылғы 22 қыркүйектегi Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтiк Республикасының арасындағы Қарым-қатынастардың негiздерi туралы бiрлескен мәлiмдеменi негiзге ала отырып,
1992 жылғы 22 қыркүйектегi Экономика, өнеркәсiп, ғылым және техника саласындағы кең ауқымды ынтымақтастықты дамыту туралы қазақстан-герман шартының тиiстi ережелерiне сiлтеме жасай отырып,
1994 жылғы 16 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Германия Федеративтiк Республикасының Үкiметi арасындағы мәдени ынтымақтастық туралы келiсiмге, атап айтқанда, оның 14-бабына сәйкес,
Қазақстанның дамуына немiс ұлтының азаматтары қосып отырған қомақты үлестi мойындай отырып,
Қазақстанда тұрып жатқан немiс ұлтының азаматтарына рухани, мәдени, әлеуметтiк және экономикалық салаларда өзiндiк ерекшелiгiн дамытудың мүмкiндiктерiн қамтамасыз ету қажеттiлiгiн негiзге ала отырып,
қазақстандық немiстер Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтiк Республикасы арасындағы ынтымақтастықты дамытуда байланыстырушы функцияны орындап отырғанын жете сезiне отырып,
германдық Уағдаласушы Тарап қазақстандық Уағдаласушы Тараптың немiс ұлтының қазақстандық азаматтарына жасайтын қамқорлығын жүзеге асыру барысында бiрлесiп iс-қимыл жасауға әзiр болғандықтан,
төмендегiлер жөнiнде келiстi:
1-бап
(1) Уағдаласушы Тараптар немiс ұлтының қазақстандық азаматтарының ұлттық және мәдени өзiндiк ерекшелiгiн дамыту және қолдау саласында тығыз ынтымақтасатын болады,
(2) Уағдаласушы Тараптар өздерi қатысушылары болып табылатын адам құқығы саласындағы халықаралық шарттардың ережелерiне сәйкес, ұлттық азшылықтардың оларда аталған құқықтарын қоса алғанда, өз құқықтарын және мiндеттемелерiн жүзеге асырады,
(3) Уағдаласушы Тараптар ұлттық азшылықтарды қорғау жөнiнде Еуропадағы қауiпсiздiк пен ынтымақтастық жөнiндегi ұйымның, атап айтқанда, 1990 жылғы 29 маусымдағы Адам өлшемi жөнiндегi ЕЫҚК конференциясының Копенгаген мәжiлiсiнiң құжатында, 1991 жылғы 19 шiлдеде Ұлттық азшылықтар жөнiндегi Еуропадағы қауiпсiздiк пен ынтымақтастық жөнiндегi кеңестiң Женевада болып өткен сарапшылық кездесуiнiң баяндамасында, сондай-ақ 1992 жылғы 10 шiлдедегi Хельсинкi құжатында бекiтiлген стандарттарға өзiнiң адалдығын қуаттайды.
2-бап
(1) Уағдаласушы Тараптар осы Келiсiмдi орындау барысында Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, немiс ұлтының азаматтарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары теңдей екендiгiн негiзге алады, соның iшiнде жеке құқықтары:
* Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының алдында ешқандай кемсiтушiлiксiз және толық теңдiкте адамның өз құқықтары мен негiзгi бостандықтарын толық және тиiмдi жүзеге асыру;
* жеке және қоғамдық өмiрде ана тiлi еркiн пайдалану, сол тiлде ақпарат тарату, онымен алмасу және оған еркiндiгi болу;
* немiс ұлтының басқа да азаматтармен жеке немесе бiрге өзiнiң этникалық, мәдени, тiл және дiни ерекшелiгiн, өз еркiне қарсы ассимиляцияның қандай да бiр әрекеттерiне ұшырамай, еркiн бiлдiру, сақтау және дамыту;
* қолданыстағы қазақстандық заңдарға сәйкес қоғамдық бiрлестiктердi, атап айтқанда, бiлiм, мәдениет, әлеуметтiк қамсыздандыру саласында және ортақ мүдденi көздеген басқа да бiрлестiктерi, сондай-ақ өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру үшiн еркiн түрде ерiк бiлдiру және мүдделердiң ортақтастығы негiзiнде дiни ұйымдарды құру және қолдау. Бұл бiрлестiктер қаржылық немесе басқа да сипаттағы ерiктi қайыр-садақалар туралы, сондай-ақ қоғамдық қолдау туралы өтiнiш жасауға құқылы;
* дiнге өз көзқарасын дербес белгiлеу, олардың кез келгенiн уағыздау немесе ешқайсысын да уағыздамау, дiнге көзқарасқа байланысты ұғымдарды тарату және соларға сәйкес iс-әрекет жасау, дiни материалдарды сатып алу, оларға иелiк ету және оларды пайдалануды қоса алғанда, және немiс тiлiндегi бiлiм саласында дiни қызметтi жүзеге асыру;
* өз арасында, сондай-ақ басқа мемлекеттердiң олармен этникалық немесе ұлттық шығу тегi ортақ, мәдени мұрасы немесе дiни нанымы ортақ азаматтарымен де ел шегiнде кедергiсiз байланыстарды орнату және қолдау;
* қолданыстағы қазақстандық заңдарға сәйкес өз аты мен тегiн немiс нысанында алып жүру;
* тiкелей, сондай-ақ өз өкiлдерi арқылы мемлекеттiк iстердi басқаруға қатысу;
* өз құқықтарын қорғау үшiн заңды құралдардың бәрiн пайдалану;
* үкiметтiк емес ұлттық және халықаралық ұйымдардың қызметiне қатысу;
* сөз, пiкiр бiлдiру бостандығының және оларды еркiн бiлдiрудiң құқы.
(2) Өзiнiң Қазақстандағы немiс ұлтынан шыққандығы туралы мәлiмдеме әрбiр азаматтың жеке алғанда өз басының шешiмi болып табылады және оның қолайсыз салдарлары болмауға тиiс.
3-бап
Қазақстан Республикасының Үкiметi немiс ұлтының қазақстандық азаматтарын ақтауды жалғастыратын болады және тиiстi түрде немiс ұлтының қазақстандық азаматтарының мүдделерiн, қолданыстағы және келешекте қабылданатын заңдардың шеңберлерiнде саяси жазалаудың құрбандарына және еңбек армияшыларына өтемақы төлеу, оларды әлеуметтiк және медициналық қолдау жөнiндегi мүдделерiн ескеретiн болады.
4-бап
(1) Қазақстан Республикасының Конституциясында бекiтiлген азаматтық және саяси құқықтарға сәйкес Қазақстан Республикасының немiс ұлты азаматтары еркiн қозғалу және тұратын жердi таңдау құқына, сондай-ақ республикадан тысқары жерлерге шығуға және кедергiсiз қайтып оралуға құқылы. Қазақстан Республикасының Үкiметi немiс ұлтына жататын үшiншi мемлекеттер азаматтарының өз аумағына отбасымен қосылу мақсатындағы көшiп-қонуын жеңiлдететiн болады.
(2) Қазақстан Республикасы Қазақстаннан кететiн немесе Қазақстанға тұрақты тұру мекенiне қайтып оралушы Қазақстанның немiс ұлты азаматтарына барлық жеке заттары мен құжаттарын баж салығынсыз және салықсыз әкетуiне рұқсат бередi, зейнетақылар мен мүлiктiк құндылықтардың трансферiн реттейдi, сондай-ақ қолданыстағы қазақстандық заңдарға сәйкес қалып бара жатқан қозғалмалы және қозғалмайтын мүлiкке ешкiмнiң тиiспейтiндiгiне кепiлдiк бередi.
5-бап
(1) Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасы немiс ұлты азаматтарының мәдени, әлеуметтiк және экономикалық дамуын мынадай жолдармен қолдайды:
* қайырымдылық мақсаттарымен әкелiнетiн iзгiлiктi немесе ақысыз көмек ретiндегi барлық тауарларды, қызметтi және осы келiсiмнiң 7-бабына сәйкес құрылған қазақстан-герман үкiметаралық комиссиясы қабылдаған iс-шаралар шеңберiндегi техникалық жәрдемдi қоса алғанда, салықтан, кедендiк баж салығынан және басқа да алымдардан босату;
* Қазақстан Республикасының немiс ұлтының азаматтарына олар тығыз тұрып жатқан жерлерде немiс тiлiн қолдану мүмкiндiгiн беру;
* ана тiлi ретiнде немiс тiлiнiң мектептерде және мектепке дейiнгi мекемелерде, жоғары және орта арнаулы оқу орындарында таралуын көтермелеу, сондай-ақ немiс тiлi мұғалiмдерiн даярлауды көтермелеу;
* радио мен теледидарды немiс тiлiн зерттеу және тарату үшiн пайдалануға жәрдемдесу;
* немiс тiлiнде бұқаралық ақпарат құралдарының, сонымен бiрге радио хабарын тарату мен теледидары бiрге алғанда, одан әрi дамытылуына қолдау көрсету және ақпаратты еркiн алмасу үшiн жағдай жасау.
(2) Германия Федеративтiк Республикасының Үкiметi мына төмендегiлерге қолдау көрсетедi:
* қазақстан-герман үкiметаралық комиссиясы қабылдаған, Қазақстан Республикасының немiс ұлты азаматтарының тұратын жерлерiнде жүзеге асырылатын жобалар (7-бап);
* ауыл шаруашылығы кәсiпорындарын техникалық жабдықтау саласында, сондай-ақ олардың рыноктық құрылымдарға экономикалық, өндiрiстiк және құқықтық бейiмделуiне көмек берудiң iс-шаралары;
* медициналық және әлеуметтiк салаларда көмек берудiң iс-шаралары;
* мамандарды даярлау және бiлiктiлiгiн көтеру;
* немiс тiлiн ана тiлi ретiнде оқытуға мектептерге қолдау көрсету жолымен, немiс мұғалiмдерiн және мәдениет мәселелерi жөнiндегi басқа да мамандарды жiберу жолымен, сондай-ақ басылымдардың, әдебиеттiң және оқулықтардың пайдасына iс-шараларды жүргiзу жолымен немiс тiлi мен мәдениетiнiң таралуын көтермелеу;
* Қазақстан немiс ұлты азаматтарының демократиялық құрылымдары бар бiрлестiктерiн құру немесе iс-шаралар.
(3) Осы Келiсiмдi жүзеге асыруға байланысты тиiстi қаржылық қаражаттарды бөлу Уағдаласушы Тараптардың ұлттық заңдарында көзделген тәртiпте жүзеге асырылады.
6-бап
Уағдаласушы Тараптар тиiстi түрде барлық деңгейлерде ерiктi түрде, негiзде серiктестiк қарым-қатынастарды қолдайды және өнеркәсiптiк кәсiпорындар мен бiрлестiктердi, өз елдерiнiң мемлекеттiк, қоғамдық және жеке ұйымдарын, сондай-ақ жеке азаматтарды ынтымақтастыққа тартатын болады.
7-бап
(1) Осы Келiсiмдi жүзеге асыруға байланысты екi жақты мәселелер, сондай-ақ бiрлескен жобалар мен iс-шараларды келiсу құрамына қазақстандық немiс ұлты азаматтарының өкiлдерi де кiретiн Қазақстан немiстерiнiң проблемалары жөнiндегi аралас комиссияға жүктеледi.
(2) Комиссия қажет болғанына қарай жылына сирек дегенде бiр рет кезекпен Қазақстан Республикасында және Германия Федеративтiк Республикасында жиналатын болады. Ынтымақтастықтың кейбiр жеке бағыттары үшiн кiшi комиссиялар құрылуы мүмкiн. Осы Келiсiмдi жүзеге асыру мақсатымен келiсiлген жобалар мен шешiмдердi Комиссия Уағдаласушы Тараптардың екеуi үшiн де мiндеттiлiк сипаты бар бiрлескен хаттамаларда белгiлейтiн болады.
8-бап
(1) Осы Келiсiм Уағдаласушы Тараптар оның күшiне енуi үшiн қажеттi iшкi мемлекеттiк процедуралардың орындалғаны туралы бiр-бiрiне жазбаша мәлiмдеген соң күшiне енедi. Соңғы мәлiмдеме алынған күнi күшiне ендi деп саналады.
(2) Уағдаласушы Тараптар Келiсiмдi оған қол қойылған күнiнен бастап уақытша қолдану туралы уағдаласты.
9-бап
Осы Келiсiм он жыл мерзiмге жасалады және де егер Уағдаласушы
Тараптардың бiрi тиiстi мерзiмнiң аяқталуына дейiн алты ай бұрын оның
күшiн тоқтататыны туралы дипломатиялық арналар бойынша жазбаша
нысанда мәлiмдемесе, келесi бесжылдық мерзiмдерге өздiгiнен
ұзартылатын болады.
Алматы қаласы 1996 жылғы 31 мамырда екi дана болып, әрқайсысы
қазақ, немiс және орыс тiлдерiнде жасалды, сондай-ақ барлық
мәтiндердiң күшi бар. Қазақ және немiс мәтiндерiн түсiндiруде пiкiр
алшақтығы болған жағдайда Уағдаласушы Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге
сүйенетiн болады.
Қазақстан Республикасының Германия Федеративтiк
Үкiметi үшiн Республикасының Үкiметi
үшiн