Қазақ мемлекеттiк заң университетiнiң студенттерiнiң қатарынан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң жүйесiне запастағы офицерлер даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақ мемлекеттiк заң университетiнде әскери кафедра құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет министрлiгi Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесiп:
әскери кафедраның құрылымы мен штат санын әзiрлесiн және бекiтсiн;
әскери кафедраны профессор-оқытушылар құрамы мен қосымша-оқу қызметкерлерiмен толықтырылсын;
әскери даярлық бейiнiн ескере отырып оқу жоспарлары мен бағдарламаларын дайындасын және бекiтсiн;
әскери кафедраның оқу-материалдық базасын жинақтасын.
3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi оқу процесiн жүргiзу үшiн әскери кафедраны әскери даярлық бейiнiне және оқу жоспарларына сәйкес әскери мүлiктермен қамтамасыз етсiн.
4. <*>
Ескерту. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.05.24. N 449 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi