"Қазақстан Республикасында шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беру тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 15 шiлдедегi N 3057 U963057_ Жарлығын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 35, 326-құжат) орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасында шетел азаматтарына және азаматтығы
жоқ адамдарға саяси баспана беру туралы куәлiктiң үлгiсi және оның
сипаттамасы бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау министрлiгi Қазақстан Республикасында шетел азаматтарына және
азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беру туралы куәлiктiң
бланкiлерiн 1997 жылға арналған республикалық бюджетте осы
мақсаттарға көзделген қаражат шегiнде дайындауды қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
бiрiншi орынбасары