Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 10 қазандағы N 198 Жарлығымен .
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 14-тармақшасына сәйкес қаулы етемiн:
1. Қазақстан Республикасында шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беру тәртiбi туралы Ереже (қоса берiлiп отыр) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) Қазақстан Республикасында саяси баспана алған адамдарды жайластыру жөнiндегi шығыстарды қаржыландыру жергiлiктi бюджеттердiң көшi-қон шараларына көзделген қаражаты есебiнен жүзеге асырылсын.
2) екi ай мерзiмде:
Қазақстан Республикасында шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беру тәртiбi туралы куәлiктiң үлгiсiн әзiрлеп, бекiтетiн болсын;
аталған үлгiнiң жасалуын қаржыландыруды қамтамасыз етсiн;
өзiнiң нормативтiк актiлерi мен орталық атқарушы органдардың
актiлерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн.
ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың 1)-тармақшасы жаңа редакцияда - ҚР Президентiнiң 1997.06.20. N 3568 жарлығымен.
3. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қызмет бабында пайдалану үшiн
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1996 жылғы 15 шiлдедегi
N 3057 Жарлығымен
бекiтiлген