1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi қосымшаға сәйкес республикалық бюджет пен республикалық бюджетке заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы бойынша телекоммуникациялар көрсеткен қызметi үшiн берешегi бар бюджеттiк ұйымдардың қаржыландыру есебiне берешегi бар "Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясының арасындағы жалпы сомасы 470479 мың (төрт жүз жетпiс миллион төрт жүз жетпiс тоғыз мың)
теңге берешекке бiр жолғы есептеу жүргiзсiн. 2. Есептеу аталған сомаларды 1997 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша республикалық бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсетiле отырып жүргiзiлсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 31 наурыздағы N 439 қаулысына қосымша Есептеуге қабылданатын, "Қазақтелеком" ҰАК берешегi бар республикалық бюджет қаражатының есебiнен қаржыландырылатын министрлiктер мен ведомстволардың тiзбесi мың теңге _____________________________________________________________ Министрлiктер мен ведомстволар |Есепке қабылданатын | сома _______________________________________|_____________________ Парламент | 29972 Қорғаныс министрлiгi | 158358 Ұлттық қауiпсiздiк комитетi | 43732 Мемлекеттiк тергеу комитетi | 33616 Iшкi iстер министрлiгi | 35083 Iшкi әскерлер Қолбасшысының бас | басқармасы | 20276 Президенттiң Күзет қызметi | 113909 Сыртқы iстер министрлiгi | 17640 Экология және биоресурстар министрлiгi | 5493 Республикалық ұлан | 900 Әдiлет министрлiгi | 11500 | Барлығы | 470479