"Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясының бюджеттiк борыштары бойынша есептеу жүргiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 31 наурыздағы N 439

      "Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясының көрсеткен байланыс қызметiне орай республиканың бюджеттiк ұйымдарының пайда болған берешегiн өтеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi қосымшаға сәйкес республикалық бюджет пен республикалық бюджетке заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы бойынша телекоммуникациялар көрсеткен қызметi үшiн берешегi бар бюджеттiк ұйымдардың қаржыландыру есебiне берешегi бар "Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясының арасындағы жалпы сомасы 470479 мың (төрт жүз жетпiс миллион төрт жүз жетпiс тоғыз мың)

теңге берешекке бiр жолғы есептеу жүргiзсiн.
     2. Есептеу аталған сомаларды 1997 жылғы 1 наурыздағы жағдай
бойынша республикалық бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде
көрсетiле отырып жүргiзiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi

                                       Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                       1997 жылғы 31 наурыздағы
                                           N 439 қаулысына
                                               қосымша

              Есептеуге қабылданатын, "Қазақтелеком" ҰАК
        берешегi бар республикалық бюджет қаражатының есебiнен
         қаржыландырылатын министрлiктер мен ведомстволардың
                               тiзбесi
                                                       мың теңге
     _____________________________________________________________
          Министрлiктер мен ведомстволар    |Есепке қабылданатын
                                            |       сома
     _______________________________________|_____________________
     Парламент                              |        29972
     Қорғаныс министрлiгi                   |       158358
     Ұлттық қауiпсiздiк комитетi            |        43732
     Мемлекеттiк тергеу комитетi            |        33616
     Iшкi iстер министрлiгi                 |        35083
     Iшкi әскерлер Қолбасшысының бас        |
     басқармасы                             |        20276
     Президенттiң Күзет қызметi             |       113909
     Сыртқы iстер министрлiгi               |        17640
     Экология және биоресурстар министрлiгi |         5493
     Республикалық ұлан                     |          900
     Әдiлет министрлiгi                     |        11500
                                            |
     Барлығы                                |       470479
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады