Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 6 қазандағы N 1120 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 1 сәуiрдегi N 447 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының қаражатын орталықтандыру мәселесiн жедел шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. "Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының қаржылары бойынша өзара есеп айырысу, есепке алу және жұмсау операцияларын жүргiзу тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 6 қазандағы N 1120  қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 42, 455-құжат) бекiтiлген Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының қаржылары бойынша өзара есеп айырсу, есепке алу және жұмсау операцияларын жүргiзу тәртiбiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "15. Жарна төлеушiлер Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына жарналарды аударуға арналған бiр төлем тапсырмасын қызмет көрсетушi банкке жалақы төлеу үшiн белгiленген мерзiмде, бiрақ келесi айдың 10-күнiнен кешiктiрмей мiндеттi түрде табыс етедi. Бұл орайда төлеушi облыс деңгейiндегi Қазақстан Республикасы мемлекеттiк Бюджеттiк банкiнiң облыстық басқармаларына (Алматы қалалық) еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау басқармаларына ашылған N 000829К00 жинау шотын көрсетедi, ал алушы ретiнде төлемшi тiркелген аудандық еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмшесi мен осы ауданның еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмiнiң салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн (СТН) көрсетуi керек. 
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Бюджеттiк банкiнiң облыстық басқармасы тиiстi (жинау) шотқа келiп түскен сақтандыру жарналарынан 70 процент мөлшерiнде күн сайынғы аударымды - облыстық (Алматы қалалық) еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасының қаражатты есептеу жөнiндегi шотына және Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Бюджеттiк банкiнде ашылған Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының N 000829708 МФО 19000501008 орталықтандырылған шотына 30 процент мөлшерiнде аударуды қамтамасыз етедi. 
      Жарналардың төленуiн бақылауды қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасы мемлекеттiк Бюджеттiк банкiнiң облыстық басқармалары аудандар бойынша қабылданған төлемдердiң тiзiлiмiн жасайды." 
      2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын: 
      "Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорымен есеп айырысу жөнiндегi елеулi кемшiлiктер мен қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 5 қазандағы N 1306  қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 32, 403-құжат) 3-тармағы;
      "Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына қаржы жиналуын жақсарту және зейнетақылар мен жәрдемақылардың төленуiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 28 қарашадағы N 1600  қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 36, 467-құжат) 5-тармағы.
      3. Осы қаулы 1997 жылдың 10 сәуiрiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi

О внесении изменения в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 6 октября 1994 г. N 1120

Постановление Правительства Республики Казахстан от 1 апреля 1997 г. N 447. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 9 февраля 2005 г. N 124 (P050124)

      В целях оперативного решения вопроса по централизации средств Пенсионного фонда Республики Казахстан Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в Порядок совершения операций по взиманию, учету, зачислению и расходованию средств Пенсионного фонда Республики Казахстан, утвержденный постановлением Кабинета Министров Республики Казахстан от 6 октября 1994 г. N 1120 P941120_ "Об утверждении Порядка совершения операций по взиманию, учету, зачислению и расходованию средств Пенсионного фонда Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 1994 г., N 42, ст. 455), следующее изменение:
      пункт 15 изложить в следующей редакции:
      "15. Плательщики взносов в обязательном порядке представляют в обслуживающий банк одно платежное поручение на перечисление взносов в Пенсионный фонд Республики Казахстан ежемесячно, в срок, установленный для выплаты заработной платы, но не позднее 10 числа следующего месяца. При этом плательщик указывает сборный счет на уровне области N 000829КОО, открытый областным (Алматинскому городскому) управлениям труда и социальной защиты населения в областном управлении государственного Бюджетного банка Республики Казахстан, а в качестве получателя плательщик указывает районный отдел труда и социальной защиты населения, где зарегистрирован плательщик, и регистрационный номер налогоплательщика (РНН) районного отдела труда и социальной защиты населения этого района.
      Областные управления государственного Бюджетного банка Республики Казахстан обеспечивают ежедневные отчисления в размере 70 процентов от поступивших страховых взносов на соответствующий (сборный) счет - на счет по учету средств областного (Алматинского городского) управления труда и социальной защиты населения и в размере 30 процентов - на централизованный счет Пенсионного фонда Республики Казахстан N 000829708 МФО 19000501008, открытый в республиканском государственном Бюджетном банке Республики Казахстан г. Алматы.
      Для обеспечения контроля за уплатой взносов областными управлениями государственного Бюджетного банка Республики Казахстан составляются реестры принятых платежей по районам".
      2. Признать утратившими силу:
      пункт 3 постановления Правительства Республики Казахстан от 5 октября 1995 г. N 1306 P951306_ "О серьезных недостатках и дополнительных мерах по расчетам с Пенсионным фондом Республики Казахстан (САПП Республики Казахстан, 1995 г., N 32, ст. 403);
      пункт 5 постановления Правительства Республики Казахстан от 28 ноября 1995 г. N 1600 P951600_ "О мерах по улучшению сборов средств в Пенсионный фонд Республики Казахстан и обеспечению выплат пенсий и пособий" (САПП Республики Казахстан, 1995 г., N 36, ст. 467).
      3. Настоящее постановление вводится в действие с 10 апреля 1997 года.

     Премьер-Министр
  Республики Казахстан