"Астананы Ақмола қаласына көшiрудiң алғашқы кезеңiнде орналастыруға жататын жоғары және орталық мемлекеттiк органдардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1887 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 41, 513-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
3-тармақтың екiншi абзацы алынып тасталсын; Мынадай мазмұндағы 5-6 тармақтармен толықтырылсын: "5. Мемлекеттiк органды белгiленген мерзiмде көшiруге тиiстi органның басшылары жауапты деп белгiленсiн. 6. Қазақстан Республикасының Жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды Ақмола қаласына көшiру жөнiндегi комиссияға осы қаулының орындалуына бақылау жасау жүктелсiн"; аталған қаулыға қосымша мынадай редакцияда жазылсын: "1997 жылғы мемлекеттiк органдарды Ақмола қаласына көшiрудiң тiзбесi мен мерзiмi ______________________________________________________________________ Мемлекеттiк органның атауы і Көшiру мерзiмi ______________________________________________________________________ 1 і 2 ______________________________________________________________________ Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi (келiсiм бойынша) IV тоқсан Қазақстан Республикасының Парламентi және оның аппараттары (келiсiм бойынша) IV тоқсан Қазақстан Республикасының Үкiметi және Қазақстан Республикасы Премьер- Министрiнiң Кеңсесi IV тоқсан Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi (келiсiм бойынша) IV тоқсан Республикалық ұлан (келiсiм бойынша) IV тоқсан Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасы (келiсiм бойынша) IV тоқсан Конституциялық Кеңес (келiсiм бойынша) IV тоқсан Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша)* IV тоқсан Орталық сайлау комиссиясы (келiсiм бойынша) IV тоқсан Жоғарғы Сот (келiсiм бойынша) IV тоқсан Бас Прокуратура (келiсiм бойынша)* IV тоқсан Мемлекеттiк тергеу комитетi (келiсiм бойынша)* IV тоқсан Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiк (келiсiм бойынша) II тоқсан Стратегиялық ресурстарды бақылау жөнiндегi агенттiк (келiсiм бойынша) IV тоқсан Стратегиялық жоспарлау жөнiндегi агенттiк (келiсiм бойынша) IV тоқсан Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi (келiсiм бойынша) IV тоқсан Iшкi iстер министрлiгi және Iшкi әскерлер қолбасшысының бас басқармасы* III тоқсан Сыртқы iстер министрлiгi* IV тоқсан Ауыл шаруашылығы министрлiгi II тоқсан Көлiк және коммуникациялар министрлiгi II тоқсан Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi IV тоқсан Қаржы министрлiгi* IV тоқсан Экономика және сауда министрлiгi* IV тоқсан Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгi IV тоқсан Әдiлет министрлiгi IV тоқсан Қорғаныс министрлiгiнiң жедел тобы** - "Қазақстан теледидары мен радиосы" республикалық корпорациясы III тоқсан Қазақстан Республикасының Жоғары және орталық мемлекеттiк органдары Ақмола қаласына көшiру жөнiндегi комиссияның аппараты III тоқсан __________________________________________ * 1997 жылы мемлекеттiк органның бiрiншi басшысының белгiлеуiмен, аппараттың бiр бөлiгi көшiрiледi. ** 1996 жылы көшiрiлдi
Ескерту. Мемлекеттiк органдарды көшiру мерзiмiн айлар бойынша Қазақстан Республикасының Жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды Ақмола қаласына көшiру жөнiндегi комиссия белгiлейдi".
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi