"Қаражамбасмұнайгаз" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн сату туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 17 сәуiр N 573

      Батыс Қазақстан мұнайгаз кешенiнiң тұрақты жұмысы мен перспективалық дамуын қамтамасыз ету, шетелдiк инвестицияларды тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Тритон-Вуко Энерджи Групп Лтд" компаниясының "Қаражамбасмұнайгаз" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн сату туралы ашық тендердiң нәтижелерi мен шарттың талаптары мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгi "Тритон-Вуко Энерджи Групп Лтд" компаниясының "Қаражамбасмұнайгаз" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн сату туралы ашық тендердiң нәтижелерi мен шарттың талаптарына сәйкес белгiленген тәртiппен 1997 жылдың 25 сәуiрiне дейiн "Тритон-Вуко Энерджи Групп Лтд" компаниясының көмiрсутегi шикiзатын барлауға және оны өндiруге арналған лицензиясын қайта ресiмдесiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес аталған компанияның құқықтарын берудi қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi, Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгi "Тритон-Вуко Энерджи Групп Лтд" компаниясы акцияларының мемлекеттiк пакетiн сату туралы шарттың талаптарына сәйкес 1997 жылдың 25 сәуiрiне дейiн мерзiмде көмiрсутегi шикiзатын өндiруге арналған келiсiм-шартты ресiмдесiн.
      4. Министрлiктер, мемлекеттiк, комитеттер, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдар "Тритон-Вуко Энерджи Групп Лтд" компаниясына оның қызметiнде қажеттi жәрдем көрсетсiн.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi


О продаже государственного пакета акций акционерного общества "Каражамбасмунайгаз"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 17 апреля 1997 г. N 573

      В целях обеспечения стабильной работы и перспективного развития западно-казахстанского нефтегазового комплекса, эффективного использования иностранных инвестиций Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Одобрить результаты открытого тендера и условия договора о продаже государственного пакета акций акционерного общества "Каражамбасмунайгаз" компании "Тритон-Вуко Энерджи Групп Лтд".
      2. Министерству энергетики и природных ресурсов Республики Казахстан в соответствии с результатами открытого тендера и условиями договора о продаже государственного пакета акций акционерного общества "Каражамбасмунайгаз" компании "Тритон-Вуко Энерджи Групп Лтд" переоформить в установленном порядке до 25 апреля 1997 года лицензию на разведку и добычу углеводородного сырья компании "Тритон-Вуко Энерджи Групп Лтд", а также обеспечить в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан передачу прав указанной компании,
      3. Департаменту управления государственным имуществом и активами Министерства финансов, Министерству энергетики и природных ресурсов Республики Казахстан в соответствии с условиями договора о продаже государственного пакета акций компании "Тритон-Вуко Энерджи Групп Лтд" в срок до 25 апреля 1997 года оформить контракт на добычу углеводородного сырья.
      4. Министерствам, государственным комитетам, иным центральным и местным исполнительным органам оказать необходимое содействие компании "Тритон-Вуко Энерджи Групп Лтд" в ее деятельности.
     Премьер-Министр
  Республики Казахстан