1. "Тритон-Вуко Энерджи Групп Лтд" компаниясының "Қаражамбасмұнайгаз" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн сату туралы ашық тендердiң нәтижелерi мен шарттың талаптары мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгi "Тритон-Вуко Энерджи Групп Лтд" компаниясының "Қаражамбасмұнайгаз" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн сату туралы ашық тендердiң нәтижелерi мен шарттың талаптарына сәйкес белгiленген тәртiппен 1997 жылдың 25 сәуiрiне дейiн "Тритон-Вуко Энерджи Групп Лтд" компаниясының көмiрсутегi шикiзатын барлауға және оны өндiруге арналған лицензиясын қайта ресiмдесiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес аталған компанияның құқықтарын берудi қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi, Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгi "Тритон-Вуко Энерджи Групп Лтд" компаниясы акцияларының мемлекеттiк пакетiн сату туралы шарттың талаптарына сәйкес 1997 жылдың 25 сәуiрiне дейiн мерзiмде көмiрсутегi шикiзатын өндiруге арналған келiсiм-шартты ресiмдесiн.
4. Министрлiктер, мемлекеттiк, комитеттер, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдар "Тритон-Вуко Энерджи Групп Лтд" компаниясына оның қызметiнде қажеттi жәрдем көрсетсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi