Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшiлiгiн әкiмшiлiк орналастыру үшiн Қазақстан Республикасының меншiгiне Тегеран қаласында ғимарат сатып алу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 22 сәуiр N 615

      Қазақстан Республикасының меншiгiне шетелдерде жылжымайтын мүлiк объектiлерiн сатып алу жөнiндегi бұрын көзделген жобаларды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнiң Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшiлiгiн әкiмшiлiк орналастыру үшiн Қазақстан Республикасының меншiгiне Тегеран, Даррус, Солтүстiк Хедаят көшесi, 4 мекен-жай бойынша 1997 жылға арналған республикалық бюджетте Елшiлiктердi ұстауға көзделген қаражат есебiнен құны 2 300000 (екi миллион үш жүз мың) АҚШ долларында ғимарат сатып алу туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi аталған мақсаттарға қажеттi бюджеттiк қаржы бөлсiн.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi


О приобретении в собственность Республики Казахстан здания в городе Тегеране для административного размещения Посольства Республики Казахстан в Исламской Республике Иран

Постановление Правительства Республики Казахстан от 22 апреля 1997 г. N 615

      В целях реализации ранее намеченных проектов по приобретению в собственность Республики Казахстан объектов недвижимости за рубежом Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Принять предложение Министерства иностранных дел Республики Казахстан о приобретении в собственность Республики Казахстан здания по адресу: город Тегеран, Даррус, улица Северный Хедаят, 4 для административного размещения Посольства Республики Казахстан в Исламской Республике Иран стоимостью 2 300 000 (два миллиона триста тысяч) долларов США за счет средств, предусмотренных в республиканском бюджете на 1997 год на содержание посольств.
      2. Министерству финансов Республики Казахстан выделить необходимые бюджетные ассигнования на указанные цели.
     Премьер-Министр
  Республики Казахстан