1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнiң Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшiлiгiн әкiмшiлiк орналастыру үшiн Қазақстан Республикасының меншiгiне Тегеран, Даррус, Солтүстiк Хедаят көшесi, 4 мекен-жай бойынша 1997 жылға арналған республикалық бюджетте Елшiлiктердi ұстауға көзделген қаражат есебiнен құны 2 300000 (екi миллион үш жүз мың) АҚШ долларында ғимарат сатып алу туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi аталған мақсаттарға қажеттi бюджеттiк қаржы бөлсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi