"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысын оңтайлы ету жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 22 сәуiрдегi N 633

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысын оңтайлы ету жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 22 сәуiрдегi Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Ақмола, Алматы және Қостанай облыстарының әкiмдерi, министрлiктердiң және мемлекеттiк комитеттердiң басшылары "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысын оңтайлы ету жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығын орындауға байланысты мәселелердi шешу үшiн:
      3 күн мерзiм iшiнде тарату комиссияларын құрсын;
      таратылатын және қайта ұйымдастырылатын орталық атқарушы органдар аумақтық бөлiмшелерiнiң, жергiлiктi атқарушы органдардың iстерi мен мүлкiн қабылдау-өткiзудi заңдарда белгiленген тәртiппен қамтамасыз етсiн, олардың қалыпты жұмыс iстеуi, қаржыландырылуы мен материалдық-техникалық қамсыздандырылуы, сондай-ақ олардың қызметкерлерiне тиiстi жеңiлдiктер мен өтемақылардың берiлуiн қамтамасыз етсiн;
      осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге ұйымдастыру-құқықтық шараларын қабылдасын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Ақмола, Алматы және Қостанай облыстарының әкiмдерi республикалық және жергiлiктi бюджеттердi нақтылау туралы қажеттi шаралар қабылдасын және ұсыныс енгiзсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қазақстан Республикасының Үкiметiне республиканың заңдарын Талдықорған және Торғай облыстарын тарату туралы қабылданған шешiмге сәйкес келтiру туралы ұсыныстар енгiзсiн.
      4. Талдықорған және Торғай облыстары әкiмдерiнiң аппараттарында тарату iсiн жүргiзу үшiн 1 және 2-қосымшаларға сәйкес құрамда тарату комиссиялары құрылсын.
      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң орынбасары Ж.Ж.Мұқашевқа және Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрiнiң орынбасары Н.С.Әшiмовке Талдықорған және Торғай облыстарын тарату туралы шешiмдердi орындау үшiн тиiсiнше құрылған

ведомстволық тарату комиссияларының жұмысын үйлестiру өкiлеттiгi
берiлсiн.
     6. Тарату комиссиялары (Ж.Ж.Мұқашев, Н.С.Әшiмов) 1997 жылдың 22
маусымына дейiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне осы қаулының
орындалғаны туралы баяндасын.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi
                                        Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                        1997 жылғы 22 сәуiрдегi
                                           N 633 қаулысына
                                               1-қосымша

          Талдықорған облысы әкiмiнiң аппаратын тарату iсiн
                 жүзеге асыру жөнiндегi комиссияның
                               ҚҰРАМЫ

     Мұқашев Ж.Ж.           - Қазақстан Республикасы Қаржы
                              министрiнiң орынбасары, төраға
     Дәмитов Қ.Қ.           - Қазақстан Республикасы Экономика
                              және сауда министрiнiң орынбасары
     Долженков В.А.         - Алматы облысы әкiмiнiң бiрiншi
                              орынбасары
     Уайсов М.К.            - Қазақстан Республикасы Әдiлет
                              министрiнiң орынбасары
     Русинов Н.И.           - Талдықорған облысы әкiмiнiң
                              бiрiншi орынбасары
     Таубаев Н.А.           - Қазақстан Республикасы
                              Премьер-Министрiнiң Кеңсесi
                              Аймақтардың жұмысын үйлестiру
                              бөлiмiнiң бас инспекторы
     Утепов Э.К.            - Қазақстан Республикасы Қаржы
                              министрлiгiнiң Жекешелендiру
                              жөнiндегi департаментiнiң директоры

                                        Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                        1997 жылғы 22 сәуiрдегi
                                           N 633 қаулысына
                                               2-қосымша

           Торғай облысы әкiмiнiң аппаратын тарату iсiн
                 жүзеге асыру жөнiндегi комиссияның
                               ҚҰРАМЫ

     Әшiмов Н.С.            - Қазақстан Республикасы Экономика
                              және сауда министрiнiң орынбасары,
                              төраға
     Елубаев М.С.           - Қазақстан Республикасы Әдiлет
                              министрiнiң орынбасары
     Дәрменбаев С.А.        - Қазақстан Республикасы
                              Премьер-Министрiнiң Кеңсесi
                              Аймақтардың жұмысын үйлестiру
                              бөлiмiнiң бас инспекторы
     Қалмырзаев С.С.        - Қазақстан Республикасы Қаржы
                              министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк
                              пен активтердi басқару
                              департаментiнiң директоры
     Омаров Қ.О.            - Ақмола облысы әкiмiнiң бiрiншi
                              орынбасары
     Мейстер В.В.           - Торғай облысы әкiмiнiң орынбасары
     Чумаков В.П.           - Қостанай облысы әкiмiнiң бiрiншi
                              орынбасары
      
      


О мероприятиях по реализации Указа Президента Республики Казахстан "О мерах по оптимизации административно-территориального устройства Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 22 апреля 1997 г. N 633

      В соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 22 апреля 1997 г. "О мерах по оптимизации административно-территориального устройства Республики Казахстан" Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Акимам Акмолинской, Алматинской и Кустанайской областей, руководителям министерств и государственных комитетов для решения вопросов, связанных с исполнением Указа Президента Республики Казахстан "О мерах по оптимизации административно-территориального устройства Республики Казахстан":
      в 3-дневный срок образовать ликвидационные комиссии;
      в установленном законодательством порядке обеспечить прием-передачу дел и имущества упраздняемых и реорганизуемых территориальных подразделений центральных исполнительных органов, местных исполнительных органов, обеспечив их нормальное функционирование, финансирование и материально-техническое обеспечение, а также предоставление их сотрудникам соответствующих льгот и компенсаций;
      принять иные организационно-правовые меры по реализации настоящего постановления.
      2. Министерству финансов Республики Казахстан, акимам Акмолинской, Алматинской и Кустанайской областей принять необходимые меры и внести предложение об уточнении республиканского и местных бюджетов.
      3. Министерству юстиции Республики Казахстан внести в Правительство Республики Казахстан предложения о приведении законодательства республики в соответствие с принятым решением об упразднении Талдыкорганской и Тургайской областей.
      4. Образовать для осуществления ликвидационного производства аппаратов акимов Талдыкорганской и Тургайской областей ликвидационные комиссии в составе согласно приложениям 1 и 2.
      5. Уполномочить Мукашева Ж.Д.- заместителя Министра финансов Республики Казахстан и Ашимова Н.С. - заместителя Министра экономики и торговли Республики Казахстан координировать работу ведомственных ликвидационных комиссий, образуемых для исполнения решений об упразднении Талдыкорганской и Тургайской областей соответственно.
      6. Ликвидационным комиссия (Мукашеву Ж.Д., Ашимову Н.С.) до 22 июня 1997 года доложить Правительству Республики Казахстан о выполнении настоящего постановления.
     Премьер-Министр
  Республики Казахстан


                                        Приложение 1

к постановлению Правительства Республики Казахстан от 22 апреля 1997 г. N 633


                                Состав

             комиссии по осуществлению ликвидационного
                    производства аппарата акима
                      Талдыкорганской области

     Мукашев Ж.Д.            - заместитель Министра финансов
                               Республики Казахстан, председатель

     Дамитов К.К.            - заместитель Министра экономики и
                               торговли Республики Казахстан

     Долженков В.А.          - первый заместитель акима Алматинской
                               области

     Ваисов М.К.             - заместитель Министра юстиции
                               Республики Казахстан

     Русинов Н.И.            - первый заместитель акима
                               Талдыкорганской области

     Таубаев Н.А.            - главный инспектор Отдела координации
                               работы регионов Канцелярии
                               Премьер-Министра Республики Казахстан

     Утепов Э.К.             - Директор Департамента по приватизации
                               Министерства финансов Республики
                               Казахстан



                                        Приложение 2

к постановлению Правительства Республики Казахстан от 22 апреля 1997 г. N 633


                                Состав

             комиссии по осуществлению ликвидационного
                    производства аппарата акима
                         Тургайской области

     Ашимов Н.С.             - заместитель Министра экономики и
                               торговли Республики Казахстан,
                               председатель

     Елюбаев М.С.            - заместитель Министра юстиции
                               Республики Казахстан

     Дарменбаев С.А.         - главный инспектор Отдела
                               координации работы регионов
                               Канцелярии Премьер-Министра
                               Республики Казахстан

     Калмурзаев С.С.         - Директор Департамента управления
                               государственным имуществом и активами
                               Министерства финансов Республики
                               Казахстан

     Омаров К.О.             - первый заместитель акима Акмолинской
                               области

     Мейстер В.В.            - заместитель акима Тургайской области

     Чумаков В.П.            - первый заместитель акима Кустанайской
                               области