1. Ақмола, Алматы және Қостанай облыстарының әкiмдерi, министрлiктердiң және мемлекеттiк комитеттердiң басшылары "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысын оңтайлы ету жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығын орындауға байланысты мәселелердi шешу үшiн:
3 күн мерзiм iшiнде тарату комиссияларын құрсын;
таратылатын және қайта ұйымдастырылатын орталық атқарушы органдар аумақтық бөлiмшелерiнiң, жергiлiктi атқарушы органдардың iстерi мен мүлкiн қабылдау-өткiзудi заңдарда белгiленген тәртiппен қамтамасыз етсiн, олардың қалыпты жұмыс iстеуi, қаржыландырылуы мен материалдық-техникалық қамсыздандырылуы, сондай-ақ олардың қызметкерлерiне тиiстi жеңiлдiктер мен өтемақылардың берiлуiн қамтамасыз етсiн;
осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге ұйымдастыру-құқықтық шараларын қабылдасын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Ақмола, Алматы және Қостанай облыстарының әкiмдерi республикалық және жергiлiктi бюджеттердi нақтылау туралы қажеттi шаралар қабылдасын және ұсыныс енгiзсiн.
3. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қазақстан Республикасының Үкiметiне республиканың заңдарын Талдықорған және Торғай облыстарын тарату туралы қабылданған шешiмге сәйкес келтiру туралы ұсыныстар енгiзсiн.
4. Талдықорған және Торғай облыстары әкiмдерiнiң аппараттарында тарату iсiн жүргiзу үшiн 1 және 2-қосымшаларға сәйкес құрамда тарату комиссиялары құрылсын.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң орынбасары Ж.Ж.Мұқашевқа және Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрiнiң орынбасары Н.С.Әшiмовке Талдықорған және Торғай облыстарын тарату туралы шешiмдердi орындау үшiн тиiсiнше құрылған
ведомстволық тарату комиссияларының жұмысын үйлестiру өкiлеттiгi берiлсiн. 6. Тарату комиссиялары (Ж.Ж.Мұқашев, Н.С.Әшiмов) 1997 жылдың 22 маусымына дейiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне осы қаулының орындалғаны туралы баяндасын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 22 сәуiрдегi N 633 қаулысына 1-қосымша Талдықорған облысы әкiмiнiң аппаратын тарату iсiн жүзеге асыру жөнiндегi комиссияның ҚҰРАМЫ Мұқашев Ж.Ж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң орынбасары, төраға Дәмитов Қ.Қ. - Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрiнiң орынбасары Долженков В.А. - Алматы облысы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Уайсов М.К. - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң орынбасары Русинов Н.И. - Талдықорған облысы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Таубаев Н.А. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Аймақтардың жұмысын үйлестiру бөлiмiнiң бас инспекторы Утепов Э.К. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментiнiң директоры Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 22 сәуiрдегi N 633 қаулысына 2-қосымша Торғай облысы әкiмiнiң аппаратын тарату iсiн жүзеге асыру жөнiндегi комиссияның ҚҰРАМЫ Әшiмов Н.С. - Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрiнiң орынбасары, төраға Елубаев М.С. - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң орынбасары Дәрменбаев С.А. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Аймақтардың жұмысын үйлестiру бөлiмiнiң бас инспекторы Қалмырзаев С.С. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментiнiң директоры Омаров Қ.О. - Ақмола облысы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Мейстер В.В. - Торғай облысы әкiмiнiң орынбасары Чумаков В.П. - Қостанай облысы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары