Еңбекшiлердiң демалысы үшiн қолайлы жағдай жасау және 1997
жылдың мамырында жұмыс уақытын оңтайлы пайдалану мақсатында Қазақстан
Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Демалыс күнi 1997 жылғы 4 мамырдағы жексенбiден 1997 жылдың 2
мамырындағы жұмаға көшiрiлсiн.
2. Қажеттi өнiмдер шығару, сондай-ақ құрылыс объектiлерiн
қолдануға қосу үшiн еңбек материалдық және қаржы ресурстармен
қамтамасыз етiлген ұйымдарға кәсiподақ комитеттерiнiң келiсiмi
бойынша 1997 жылдың 2 мамырында жұмыс жүргiзуге құқық берiлсiн.
Көрсетiлген күнi жұмыс iстеу қолданылып жүрген заңдарға сәйкес
өтеледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi