"Қазақстан Республикасының Жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды Ақмола қаласына көшiру жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 13 қарашадағы N 1520 қаулысына P951520_ (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 35, 449-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды Ақмола қаласына көшiру жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы туралы ережеге:
11-тармақтың алтыншы абзацында:
"жоғары" деген сөздiң алдынан "белгiленген тәртiппен" деген сөздермен толықтырылсын;
"ұйымдастырады" деген сөз "жүзеге асыратын ұйымдар құрады, сондай-ақ бұл ұйымдарды қайта ұйымдастырады және таратады" деген сөздермен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi