Қазақстан Республикасының Жоғарғы және орталық мемлекеттiк органдарды Ақмола қаласына көшiру жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы туралы ереженi бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Респубилкасы Үкiметiнiң Қаулысы 1995 жылғы 13 қарашадағы N 1520


     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
     1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы және орталық мемлекеттiк
органдарды Ақмола қаласына көшiру жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы
туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
     2. Аталған комиссияға қызмет көрсету Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң Аппараты үшiн белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады
деп белгiленсiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi

                                      Қазақстан Республикасы 
                                           Үкiметiнiң
                                      1995 жылғы 13 қарашадағы
                                       N 1520 қаулысымен
                                         Бекiтiлген

                             Ереже
           Қазақстан Республикасының Жоғары және орталық
           мемлекеттiк органдары Ақмола қаласына көшiру
             жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы туралы



      1. Қазақстан Республикасының Жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды Ақмола қаласына көшiру жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы (әрi қарай - Комиссия) ведомстволық байланыстылығы мен меншiк нысанына қарамастан, барлық заңды тұлғалардың, соның iшiнде Қазақстан астанасын көшiруге және Ақмола қаласы мен оның ықпал аймағын дамытуға қатысатын шетелдiктердiң қызметiн үйлестiрудi қамтамасыз ететiн тұрақты жұмыс iстейтiн орган болып табылады.
      Комиссия тiкелей Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiне бағынады.
      Комиссияның жеке құрамын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
      2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерін, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн және осы Ереженi басшылыққа алады.
      3. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
      Қазақстан Республикасының астанасын Алматы қаласынан Ақмола қаласына көшiрудiң мәселелерiн мемлекеттiк басқаруды қамтамасыз ету;
      аумақтарда құрылыс салуды мемлекеттiк реттеуге осы заманғы көзқараспен қарауды ескере отырып, Ақмола қаласы мен оның ықпал аймағын кешендi дамыту жөнiндегi қызметтi үйлестiру және ұйымдастыру болып табылады.
      4. Негiзгi мiндеттерге қарай Комиссия мүдделi министрлiктер мен ведомстволарды тарта отырып, мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      астананы көшiру мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламалардың, Ақмола қаласы мен оның ықпал аймағын дамытуға бағытталған және басқа да қажеттi бағдарламаларды әзiрлеудi ұйымдастырады, олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады; <*>
      Қазақстан Республикасының жоғары және орталық мемлекеттiк органдарын Ақмола қаласына көшiру процестерiне басшылық жасауды қамтамасыз етедi;
      Ақмола қаласы мен оның ықпал аймағында қала салуды реттейтiн құжаттарды қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi, сондай-ақ жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды орналастыруға арналған объектiлердi, жаңа астананың iскерлiк, өнеркәсiптiк, инженерлiк, көлiктiк және әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiн жобалау, құрылысын салу және қайта жаңарту процесiн, осы жұмыстарды конкурстық негiзде ұйымдастыруды және оларды қаржыландыру мәселелерiн шешудi үйлестiредi;
      астананы көшiруге және Ақмола қаласы мен оның ықпал аймағын одан әрi дамытуға қатысты мәселелер жөнiндегi заңдардың және басқа нормативтiк-құқықтық актiлердiң жобаларын дайындауды ұйымдастырады;
      бюджеттен тыс "Жаңа астана" қорынан қаражат бөлудi келiседi;
      Комиссияның құзырына жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi талап етiлетiн ұсыныстар енгiзедi;
      жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды Ақмола қаласына көшiруге қатысты объектiлер бойынша Ақмола қаласының аумағында мыналарды ұйымдастырады: <*>
      жобалау-iздестiру жұмыстарына сараптама жүргiзу; <*>
      құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасына, құрылыс материалдарының, өнiмдерi мен конструкцияларының өндiрiсiне бақылау жасау; <*>
      жобалау-iздестiру, сараптама, құрылыс-монтаж жұмыстарын және құрылыс материалдарын, өнiмдерi мен конструкцияларын өндiру жөнiндегi жұмыстарды лицензиялау. <*>

      ЕСКЕРТУ. 4-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкіметінiң 1997.02.14.
               N 214 қаулысымен. P970214_
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінiң 1997.03.28. N 434
               қаулысымен. P970434_

      5. Жүктелген мiндеттi орындау мен функцияларын жүзеге асыру үшiн Комиссия:
      Қазақстан Республикасының астананы көшiру мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламалардың, Ақмола қаласы мен оның ықпал ету аймағын дамытуға бағытталған және басқа қажеттi бағдарламаларды әзiрлеу мен жүзеге асыру үшiн министрлiктердi, мемлекеттiк комитеттер мен ведомстволарды, сондай-ақ жергiлiктi атқару органдарын тартады; <*>
      Ақмола қаласы мен оның ықпал аймағын дамытуға байланысты мәселелердi шешу кезiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару органдары мен жергiлiктi атқару органдарының жұмысына қатысады.
      Аталған органдардың осы мәселелер бойынша барлық шешiмдерi қабылданғанға дейiн, Комиссиямен келiсуi тиiс;
      Ақмола қаласы мен оның ықпал аймағының құрылысын салу кезiнде осы процеске қатысушылардың барлығы үшiн орындауға мiндеттi нормалар мен ережелердi белгiлейдi;
      Комиссияның қызметiне байланысты сан алуан жұмыстардың түрлерiн орындау үшiн уақытша шығармашылық ұжымдарды құрайды;
      Ақмола қаласы мен оның ықпал аймағын дамыту проблемаларын пысықтау үшiн мамандарды, ғалымдарды, сарапшыларды, соның iшiнде шет елдерден де шарттық негiзде тартады;
      Ақмола қаласы мен оның ықпал аймағы аумағында объектiлердi жобалау және салу құқығына халықаралық және өзге де конструктор өткiзудi ұйымдастырады;
      Комиссия жүктелген мiндеттер мен қызметтерден туындайтын басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      ЕСКЕРТУ. 5-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкіметінiң 1997.02.14.
               N 214 қаулысымен. P970214_
      6. Жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды Ақмола қаласына көшiру, жаңа астана мен оның ықпал аймағын дамыту мәселелерi бойынша қабылданған Комиссияның актiлерi Қазақстанның астанасын көшiру және Ақмола қаласы мен оның ықпал аймағын дамытуға қатысушы барлық заңды және жеке тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi.
      7. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен лауазымды адамдары, ұйымдары Комиссияның өкiлеттiктерiнiң жүзеге асырылуында қолдау және көмек көрсетуге, Комиссия мен оның аппаратына қажеттi мәлiметтер мен материалдарды беруге мiндеттi.
      8. Комиссия өзiнiң жұмысын оның Төрағасы бекiткен жоспарларға сәйкес iске асырады және өзiнiң мәжiлiстерiн тоқсан сайын кемiнде бiр рет өткiзедi.
      Мәжiлiстер аралығындағы кезеңде шешiмдерi оның Төрағасы немесе оның тапсыруымен Төрағаның басқа жұмыстардан босатылған бiрiншi орынбасары - Комиссия аппаратының жетекшiсi, өкiмдер мен тапсырмалар түрiнде қабылдайды. <*>
      Комиссияның шешiмдерi қаулылар мен хаттамалар түрiнде ресiмделедi.
      Ескерту. 8-тармақта сөздер алмастырылған - ҚР Үкіметінiң 1996.04.08.
               N 400 қаулысымен. P960400_
      9. Комиссияның республикалық бюджеттен қаржыландырылатын аппараты бар.
      Комиссия аппараты құрамының санын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      Комиссия аппараты жетекшiсiнiң ұсынуы бойынша Комиссияның Төрағасы Комиссияның аппараты туралы Ереженi, оның құрылымы мен штаттық кестесiн белгiленген саны мен жалақы қоры шегiнде бекiтедi.
      Комиссияның аппараты жетекшiсiнiң бiрiншi орынбасары, орынбасары және бөлiм меңгерушiлерi лауазымдарына тағайындау комиссия төрағасымен келiсiлгеннен кейiн, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппараты үшiн белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. Комиссия аппаратының басқа жауапты қызметкерлерiн лауазымдарға тағайындауды Комиссия төрағасы аппарат басшысының ұсынысы бойынша жүргiзедi. <*>
      Комиссияның аппаратына қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппараты үшiн белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      Комиссияның аппараты заңды тұлға болып табылады, оның атауы қазақ және орыс тiлдерiнде жазылған рәмiздiк мөрi, белгiленген үлгiдегi мөртаңбасы, бланкiлерi, банк мекемелерiнде есеп айырысу шоты бар.
      ЕСКЕРТУ. 9-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкіметінiң 1997.02.14.
               N 214 қаулысымен.
      10. Комиссияның аппаратына Комиссия Төрағасының басқа жұмыстардан босатылған бiрiншi орынбасары болып табылатын жетекшiсi басшылық етедi және ол мәртебесi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппараты жетекшiсiнiң бiрiншi орынбасарына теңестiрiледi. <*>
      Комиссия Аппараты жетекшi орынбасарларының және басқа қызметкерлерiнiң лауазымдары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппараты қызметкерлерiнiң тиiсiнше лауазымдарына теңестiрiледi.
      Ескерту. 10-тармақта сөздер алмастырылған - ҚР Үкіметінiң 1996.04.08.
               N 400 қаулысымен. P960400_
      11. Комиссияны Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
      Төрағаның Комиссия Төрағасының ұсынуы бойынша және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң келiсуiмен Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және босататын орынбасарлары болады.
      Комиссия Төрағасы:
      астананы Алматы қаласынан Ақмола қаласына көшiру жөнiндегi жұмыстардың жүргiзiлу жағдайы бойынша жауапкершiлiкте болады;
      Комиссия қызметiне басшылық жасайды, орынбасарлар мен Комиссия мүшелерi арасында мiндеттердi бөледi, Комиссия қызметiнiң жекелеген бағыттарына басшылық жасағаны үшiн олардың жауапкершiлiктерiнiң деңгейiн белгiлейдi; <*>
     белгiленген тәртiппен жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды Ақмола қаласына көшiруге қатысты объектiлер бойынша Ақмола қаласының аумағында жобалау-iздестiру жұмыстарына сараптама жүргiзудi, құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасына, құрылыс материалдарының, өнiмдерi мен конструкцияларының өндiрiсiне бақылауды және жобалау-iздестiру, сараптама, құрылыс-монтаж жұмыстарын және құрылыс материалдарын, өнiмдерi мен конструкцияларын өндiру жөнiндегi жұмыстарды лицензиялауды жүзеге асыратын ұйымдар құрады, сондай-ақ бұл ұйымдарды қайта ұйымдастырады және таратады. <*> <*>

      ЕСКЕРТУ. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінiң 1997.02.14.
               N 214 қаулысымен. P970214_
      ЕСКЕРТУ. 11-тармақ жаңа абзацпен толықтырылды - ҚР Үкіметінiң
               1997.03.28. N 434 қаулысымен. P970434_
      ЕСКЕРТУ. 11-тармақтың 6 абзацы сөздермен толықтырылды -
               ҚР Үкіметінiң 1997.05.04. N 702 қаулысымен. P970702_

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады