Қазақстан Республикасының зейнетақы қорына сақтандыру жарнасының қаражаты түсуiнiң уақтылығы мен толықтығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жергiлiктi салық қызметi органдары үшiн 1997 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекеттiк органдарды ұстауға көзделген қаржының шегiнде, қосымшаға сәйкес штаттық саны 805 бiрлiкке көбейтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң салық қызметi органдары сақтандыру жарналары мен Қазақстан Республикасының зейнетақы қорын құратын басқа аударымдардың уақтылығына және толықтығына бақылау жасауды жүзеге асыруға жан-жақты жәрдем көрсетсiн.
3. Облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi:
Қазақстан Республикасының зейнетақы қорына сақтандыру жарналарының әрбiр төлеушi бойынша уақтылы және толық түсуiн қамтамасыз ететiн қажеттi шаралар қабылдасын;
1997 жылдың II тоқсанының iшiнде тұратын жерiне және әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiгiне қарамастан зейнеткерлерге зейнетақы төлеу мерзiмдерiн теңестiрсiн.
4. Төлеушiлер Қазақстан Республикасының зейнетақы қорына сақтандыру жарналарын аудару тәртiбiн бұзғаны үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен жауапты болады.
5. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi мен Қаржы министрлiгiнiң салық комитетi:
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен бiрлесiп бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс енгiзсiн;
тоқсан сайын 1997 жылға арналған Қазақстан Республикасының зейнетақы қоры бюджетiнiң орындалуы туралы қаржылық есеп берулердiң қорытындысы бойынша баланстық комиссиялар жүргiзсiн, қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының облыстық бюджеттерiне өзгерiс енгiзсiн.
6. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң салық қызметi органдарына 1997 жылғы 1 сәуiрдегi жағдай бойынша салық төлеушiлердiң есебi мен Қазақстан Республикасының зейнетақы қорына қаржының түсуi жөнiндегi қажеттi ақпараттық базаны, материалдар мен құжаттарды берсiн.
- осы қаулыны атқару жөнiнде өзге де қажеттi шаралар қабылдасын.
7. "Облыстар мен Алматы қаласы әкiмдерi аппаратының үлгiлiк
құрамы, олардың дербес атқарушы органдарының тiзбесi,
қызметкерлерiнiң жалпы санының лимиттерi, қызметтiк жеңiл
автомобильдерiнiң саны, еңбекақы қоры және қызметтiк iссапарларға
арналған шығындар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996
жылғы 31 желтоқсандағы N 1742
қаулысына мынадай өзгерiс
енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулының 3-қосымшасында:
"Облыстың басқа бөлiмдерi мен басқармалары" және "Облыс бойынша
барлығы" деген бағандардағы
"1113 2000 "1072 1959
987 2026 948 1987
853 1842 824 1813
585 1125 562 1102
1331 2289 1287 2245
1049 2161 1007 2119
726 1404 685 1363
1056 2021 1017 1982
1351 2442 1281 2372
734 1398 711 1375
850 1971 806 1927
1500 2823 1450 2773
450 859 430 839
1080 2247 1029 2196
733 1499 702 1468
940 1899 902 1861
698 1643 662 1607
671 1319 644 1292
1293 2695 1241 2643
834 1232 769 1167
18834 36895" деген сандар 18029 36090" деген сандармен
ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 16 мамырдағы
N 840 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң
салық қызметi жергiлiктi органдарының облыстар
бойынша қосымша штаттық саны
___________________________________________________________
Облыс | Қызметкердiң саны
____________________________________|______________________
Ақмола 41
Ақтөбе 39
Алматы 29
Атырау 23
Шығыс Қазақстан 44
Батыс Қазақстан 39
Жамбыл 42
Жезқазған 41
Қарағанды 70
Қызылорда 23
Көкшетау 44
Қостанай 50
Маңғыстау 20
Павлодар 51
Солтүстiк Қазақстан 31
Семей 38
Талдықорған 36
Торғай 27
Оңтүстiк Қазақстан 52
Алматы қаласы 65
Барлығы 805